Семей қаласының № 6 гимназиясы» КММ Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымына конкурс жариялайды

Бос лауазымның атауы: Әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары.
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны:
Өтінімдер «Семей қаласының № 6 гимназиясы» КММ-де қабылданады. Конкурсқа қатысуға өтінімді Enbek.kz сайты және Семей қаласы білім бөлімінің ресми сайты арқылы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде жолдауға болады (мерзім хабарландыру соңғы рет жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Құжаттарды қабылдау ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес (демалыс және мереке күндерінен басқа) 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 14 қыркүйек аралығында, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады (түскі үзіліс: 13:00 – 14:00).
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі:
  • Мекенжайы: 071411, Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 17-үй
  • Өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 7 қыркүйек – 14 қыркүйек.
Дата публикации
07 сентября 2026