Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№ 9 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Конкурстың өткізілетін орны мен күні: Абай облысы, Семей қаласы, Дәстенов көшесі, 49 А үй.
Байланыс телефоны: 8 (7222) 34-12-29
Электрондық пошта: sh9@inbox.ru
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды; компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді білу және меңгеру.
Еңбекақы мөлшері мен шарттары: 5 күндік жұмыс аптасы, оқу жүктемесі: аптасына 16 сағат, ал 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап — педагогтерді тарификациялауға сәйкес. Жалақысы: жоғары педагогикалық білімі барлар үшін – 150 000 теңгеден бастап.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: ҚР БҒМ 13.07.2009 ж. № 338 «Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-бөлімі 3-тарауының 7-параграфындағы талаптар негізінде.
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны: 2026 жылғы 4 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін ҰБДҚ (НОБД) «ПЕДАГОГТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ» порталында.