«№9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Дастенова көшесі, 49А
Байланыс телефоны: 34-12-29
Электрондық пошта мекенжайы: sh9@inbox.ru
Бос лауазымның атауы: орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (уақытша).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты болуы, еңбек өтіліне талап қойылмайды; немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы, еңбек өтіліне талап қойылмайды. Компьютерлік сауаттылығы, қажетті құжаттарды дайындауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді білуі және меңгеруі қажет.
Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары:
5 күндік жұмыс аптасы, оқу жүктемесі – аптасына 16 сағат, ал 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап – педагогтердің тарификациясына сәйкес.
Еңбекақысы: жоғары педагогикалық білімі болған жағдайда – 170 000 теңгеден бастап.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» талаптарының 1-бөлімінің 3-тарауының 7-параграфы негізінде.
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны:
2026 жылғы 2 қыркүйектен 2026 жылғы 11 қыркүйекке дейін ҰБД (НОБД) «Педагогтерді қабылдау» порталында.