«№9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ аға тәлімгер бос лауазымына конкурс жариялайды.

«№9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Дастенова көшесі, 49А
Байланыс телефоны: 34-12-29
Электрондық пошта мекенжайы: sh9@inbox.ru

Бос лауазымның атауы: орыс тілінде оқытатын сыныптарға арналған вожатый.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Педагогика және психология» бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білімі болуы, еңбек өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) жоғары немесе орта деңгейдегі біліктілігі болған жағдайда мамандығы бойынша еңбек өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл; және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілігі болған жағдайда мамандығы бойынша еңбек өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл болуы тиіс. Компьютерлік сауаттылығы, қажетті құжаттарды дайындауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді білуі және меңгеруі қажет.

Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары:
5 күндік жұмыс аптасы, 1 штаттық бірлік. Еңбекақысы: жоғары педагогикалық білімі болған жағдайда – 130 000 теңгеден бастап.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» талаптарының 1-бөлімінің 3-тарауының 9-параграфы негізінде.

Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны:
2026 жылғы 2 қыркүйектен 2026 жылғы 11 қыркүйекке дейін педагогтерді қабылдаудың ҰБД (НОБД) порталы арқылы.

Дата публикации
02 сентября 2026