Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
алғашқы әскери және технологиялық дайындық (1 бірлік) пәні мұғалімінің бос орнына конкурс жариялайды
Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі (1 бірлік).
Кәсіпорынның атауы:
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Конкурсты өткізу орны:
071413, Абай облысы, Семей қаласы, Восточный левый массиві, 268 А ғимараты.
Байланыс телефоны: 87076199395
Электрондық мекен-жайы: sosh45.kgu@bk.ru
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды «Enbek.kz» сайтына, Ұлттық білім беру мәліметтер базасына, «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайтына, сондай-ақ Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтына конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде, 01.09.2026 ж. – 10.09.2026 ж. аралығында қабылдайды.
Өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.