Орналасқан жері, пошталық мекенжайы:
Абай облысы, Семей қаласы, Рымбек Байсейітов көшесі, 145-үй.
Байланыс телефоны:
8 (7222) 35-46-40.
Электрондық пошта:
scool43@mail.ru
Аға тәлімгер.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімінің болуы немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжатының болуы. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Және (немесе) жоғары және орта біліктілік деңгейі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі:
педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл;
педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл;
педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
жоғары біліктілік деңгейі бар педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.
Компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді білу және қолдана білу талап етіледі.
5 күндік жұмыс аптасы, 1 (бір) жүктеме.
Жоғары педагогикалық білімі бар маманның еңбекақысы – 118 000 теңгеден бастап.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы талаптарға сәйкес.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы №121 бұйрығының 13-параграфы негізінде.
Құжаттар 2026 жылғы 28 тамыздан 7 қыркүйекке дейін Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№43 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қабылдау бөлмесінде қабылданады.