БОС ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орыс тілінде оқытатын математика пәні мұғалімінің тұрақты бос лауазымына, аптасына 20 сағат жүктемемен конкурс жариялайды.
Мекенжайы:
Абай облысы, Семей қаласы, Ағайынды Мусиндер көшесі, 19.
Байланыс телефоны:
8 (7222) 52-22-69.
Құжаттарды қабылдау Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің және «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайттарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күнді құрайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 28 тамыздан 8 қыркүйекке дейін.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар қағаз түрінде тікелей мектепте қабылданады.