Хабарландыру
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 27.08.2026 – 07.09.2026 ж аралығында қазақ және орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі лауазымына 1 бос орынға конкурс жариялайды.
08.09.2026 ж сағат 10:00-де қазақ және орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі лауазымына үміткерлердің құжаттарын қарау бойынша конкурстық комиссия отырысы өтеді.
Өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Әуезов даңғылы 17.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 27 тамызынан - 2026 жылдың 07 қыркүйекті қоса алғанда.
Абай облысы, Семей қаласы Әуезов даңғылы 17 мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. мектеп поштасына электронды форматта semey_sosh27@mail.ru
Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мектеп әкімшілігі