Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№25 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымдық қызметтерге конкурс жариялайды:
- Конкурс жарияланған лауазымдардың атауы: Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын математика пәні мұғалімі (1 ставка).
- Конкурсты өткізу орны мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Көкбай Жанатайұлы көшесі, 130.
- Байланыс телефоны: 8 (7222) 51 47 35
- Электрондық мекенжайы: semey_sh_25@mail.ru
Өтінімдерді беру мерзімі мен қабылдау орны:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті өтінімдер «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде, «Enbek.kz» сайтында және Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің ресми сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде өткізілуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 24 тамыздан бастап 2026 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№25 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жүзеге асырылады.