«№43 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ орыс тілінде оқытатын мектепке математика пәні мұғалімі бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№43 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орыс тілінде оқытатын мектепке математика пәні мұғалімі бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды.
  • Кәсіпорынның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№43 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
  • Орналасқан жері және пошталық мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Рымбек Байсейітов көшесі, 145-үй.
  • Байланыс телефондары: 8 (7222) 35-46-15, 35-46-40
  • Электрондық мекенжайы: scool43@mail.ru
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары:
  • Жұмыс тәртібі: 5 күндік жұмыс аптасы.
  • Жүктеме көлемі: 1 (бір) ставка.
  • Лауазымдық жалақысы: жоғары педагогикалық білімі бар мамандар үшін – 135 мың теңгеден басталады (нақты мөлшері жұмыс өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының» 1-бөлімі, 3-тарауының 12-параграфындағы талаптар негезінде өткізіледі.
  • Білімі: Жұмыс өтіліне талап қойылмастан, «математика мұғалімі» бағыты бойынша жоғары педагогикалық немесе кәсіптік білімі (немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты) болуы тиіс.
  • Педагогикалық жұмыс өтілі (санаты бар болған жағдайда): Педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.
  • Қосымша дағдылар: Компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді білу және меңгеру.
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 21 тамызынан бастап 31 тамызына дейін (қоса алғанда) Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№43 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қабылдау бөлмесеінде жүзеге асырылады.

 
Дата публикации
21 августа 2026