Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ әлеуметтік педагог (1 бірлік)
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: индекс 071408, Абай облысы, Семей қаласы, 1 ықшам ауданы, 15 "А"
Байланыс телефондары: 8 (7222) 50-18-26
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ .
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім "Еnbek.kz" сайтында, Абай облысы білім басқармасының " Семей қаласы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сайтында, мектеп сайты мен әлеуметтік желілерінде конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Көрсетілген қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндері қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін. 22.09.2025-06.10.2025 жыл. Құжаттарды қабылдау https://hr-nobd.edu.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.