Хаттама №2 19.08.2026 жыл
Сағат 10:00де
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім
беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 ваканттық орынға қазақ және орыс
сыныптарындағы музыка пәнінің мұғалімі лауазымына үміткерлердің құжаттарын қарау және іріктеу
бойынша конкурс өтті.
07.08.2026-18.08.2026 ж аралығында 7 күн ішінде үміткерлердің құжаттары жинақталды.
Конкурс туралы хабарландыру Білім және Ғылым Министрінің 21 ақпан 2012 жылғы «Мемлекеттік
білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау, қызметтен босату
қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының, Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 жылғы №513
бұйрықтың қосымшасына сәйкес музыка пәнінің мұғалімі лауазымына конкурс жарияланып, қалалық
білім бөлімінің және мектептің ресми желісінде, электрондық еңбек биржасында enbek.kz,nobd/.edu/kz
сайттарына жарияланды.
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім
беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Педагог лауазымына тағайындау үшін
комиссия құру туралы» бұйрығына сәйкес төмендегі құрамда комиссия құрамы тағайындалды:
Комиссия төрайымы: директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Шәріпхан Д.Е.
Комиссия мүшелері:
Декманова Г.Ж. – оқу ісі жөніндегі орынбасары
Болыскенова Р.Б.—тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Абдрахманова С.Т. – қалалық білім бөлімінің әдіскері
Елемесова А.А. - әдіскер
Комиссия хатшысы: Курманбекова А.М.- іс-қағаздар жүргізуші
19 тамыз 2026 жылы сағат 10:00де музыка пәнінің мұғалімі лауазымына үміткерлер 2
адамның құжаттары қаралды.
Үміткер 2 адам:
1. Сәрсекенова Гульнур Балтабековна
2.Болат Майдос
Nobd.edu.kz «Педагогтерді жұмыс қабылдау» платформасынан үміткерлердің құжаттарын,
бағалау парағын қарап, төмендегі нәтиже шығарылды.
Конкурстық комиссияның құжаттарды қарау бойынша пікірлері:
1. Сәрсекенова Гульнур Балтабековна -12,5 балл. (басқа жұмысқа орналасуына байланысты)
2.Болат Майдос – 9 балл.
Комиссия құрамы лауазымға үміткер адамдардың құжаттарын қарап, Білім және ғылым
минстрінің 21 ақпан 2012 жылғы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін
қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының, Оқу-ағарту
министрінің 22.12.2022 жылғы №513 бұйрығының қосымшасына сәйкес құжаттары толық деп
саналған үміткер:
Болат Майдос ( 9 балл)
Жоғарыда көрсетілген үміткерге дауыс беріліп, ең көп ұпай жинағандар конкурстан өтті
деп есептеледі және тағайындауға ұсынылады (Конкурс өткізу туралы ережесінің 126-тармағы).
Қолдады: 5.
Қарсы – 0.