Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ және орыс тілдерінде оқытатын «педагог-ассистент» (3 ставка) бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды.
- Мекеменің мекенжайы: Индекс 071408, Абай облысы, Семей қаласы, Сәтбаев көшесі, 218.
- Жұмыс телефоны: 8 (7222) 502004
- Электрондық пошта: school_m_2@mail.ru
- Конкурсты өткізу және комиссияның қорытынды отырысының мерзімі: 20.08.2026 ж. – 31.08.2026 ж.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмастан педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты болуы;
- немесе жұмыс өтіліне талап қойылмастан тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы;
- және (немесе) жоғары немесе орта біліктілік деңгейі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл болуы тиіс.