Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№12 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог ( бастауыш сынып мұғалімі –орыс тілінде оқыту) қызметіне конкурс 1 бос орын жариялайды
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 12 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі – орыс тілінде оқыту – 1 бос орын.
Орналасқан жері:индекс 071413, ШҚО Семей қаласы, 6 Линия көшесі, 18
Байланыс номері: 8 (7222) 64-19-14
Электрондық пошталық мекен-жай: shkola12.2015@mail.ru
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz сайтында, НОБД (ҰББДҚ), Instogram mektep_12_semey, http://12-semey.mektebi.kz , Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 12 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады 20.08.2026ж. - 28.08.2026ж.