«Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі бос орнына конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысының білім басқармасы Семей қаласының білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі бос орны
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: индекс 071410, Семей қаласы, Молодогвардейская, 48 А көшесі.
Байланыс телефоны: 8 (7222) -54-62-56
Электрондық мекен-жайы: school-box-33@mail.kz
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Педагогтерді жұмысқа қабылдау модулінің техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемей тұрғандығына орай, конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысының білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады 20.08.2026 - 31.08.2026 ж. Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.