Байқау туралы хабарландыру
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
«Экономикалық лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аға тәлімгер лауазымына уақытша бос орнына конкурс жариялайды
Семей қ., Ш.Қабылбаев көшесі, 32, т. 32-75-15, economic_lic@mail.ru.
Лауазымдық міндеттері:
Балалар қоғамдық ұйымдарының, «Жас қыран», «Жас ұлан» бірлестіктерінің, пікірсайыс, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;
Оқушыларға өз бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;
Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді;
Ұжымдық шығармашылық әрекетті ұйымдастырады;
Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыруға жағдай жасайды;
Оқушылардың азаматтық-адамгершілік позициясын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;
Тәрбиені ұйымдастыруда бұқаралық мәдени, патриоттық жұмыстарды жүргізеді, тәрбие жұмысын, балалардың тәрбиелік бос уақытын ұйымдастыруда сынып жетекшілеріне көмек көрсетеді;
Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын, пікірсайыстарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, волонтерлік қозғалыстарды ұйымдастырады;
Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;
Мереке күндері олардың демалысын ұйымдастырады;
Оқушылармен жұмыс жасаудың инновациялық тәжірибесін зерттейді және пайдаланады;
«Қоғамға қызмет ету», «Туған жерге тағзым», «Үлкенге құрмет», «Анаға құрмет» қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады;
Балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастауыш ұжымдарының жетекшілерін (ұйымдастырушыларын) іріктеу және оқыту бойынша жұмыстарды жүргізеді;
Білім беру ұйымының өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейді;
Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық принциптерін қалыптастырады