«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ орыс сыныптарындағы инклюзивті қолдау кабинетінің педагог-ассистенті лауазымына 2 бос орынға конкурс жариялайды

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 11.08.2026 – 19.08.2026 ж аралығында уақытша декреттік демалыс кезеңінің орнына орыс сыныптарындағы инклюзивті қолдау кабинетінің педагог-ассистенті  лауазымына  2 бос  орынға конкурс жариялайды.

20.08.2026  ж сағат 10:00-де педагог-ассистент лауазымына үміткерлердің құжаттарын қарау бойынша конкурстық комиссия отырысы өтеді.

Өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Әуезов даңғылы 17.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 11 тамызынан - 2026 жылдың                              19  тамызда  қоса алғанда.

Абай облысы, Семей қаласы Әуезов даңғылы 17  мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. мектеп поштасына электронды форматта semey_sosh27@mail.ru

Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Дата публикации
11 августа 2026