«Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Спартак көшесі, 1
Байланыс телефоны: 35-42-02, 87754019823
Электрондық поштасы: semsk.sh11@mail.ru
Бос лауазымның атауы: Екі оқыту тіліндегі мұғалім-дефектолог (16 сағат)
Өтінімдерді беру мерзімі мен қабылдау орны:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыру «Абай облысы ББ Семей қ. білім бөлімі» ММ ресми сайтында, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ сайтында соңғы рет жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, өтініштерді қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 10 тамыздан бастап 2026 жылғы 19 тамызға дейін ҰБДҚ АЖ «Педагогты жұмысқа қабылдау» платформасында.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты (жұмыс өтіліне талап қойылмайды) немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі (жұмыс өтіліне талап қойылмайды), компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындау бойынша бағдарламалық жасақтамаларды білу және меңгеру.