«№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі физика кабинетінің зертханашысының уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды (1 ставка)

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізгі қызметкердің жүктілігіне және босануына байланысты демалысы мен бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне физика кабинетінің зертханашысының уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды (1 ставка)

Конкурс жарияланған лауазымның атауы

Физика кабинетінің зертханашысы – Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметкердің жүктілігіне және босануына байланысты демалысы мен бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне уақытша бос лауазымы.

Конкурсты өткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Бөгенбайұлы көшесі, 38А.

Байланыс телефоны: 8 (7222) 30-70-81.

Электрондық пошта: kng_11@mail.ru.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі және орны

«№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ.

Конкурс өткізу мерзімі: 2026 жылғы 05 тамыздан 20 тамызға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2026 жылғы 05 тамыздан 13 тамызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Конкурстық комиссия құжаттарды 2026 жылғы 14 тамыздан 20 тамызға дейін қарайды.

Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда жүргізіледі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар

  • физика, инженерия, техникалық ғылымдар немесе сабақтас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік немесе жоғары білім;
  • физика пәні бойынша зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру негіздерін білу;
  • зертханалық құрал-жабдықтармен, электр аспаптарымен және өлшеу құралдарымен жұмыс істей білу;
  • қауіпсіздік техникасы, электр қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын білу;
  • компьютерлік сауаттылық және кеңсе бағдарламаларын меңгеруі;
  • жауапкершілік, ұқыптылық, тәртіптілік және орындаушылық.

Лауазымдық міндеттері

Физика кабинетінің зертханалық, практикалық және демонстрациялық сабақтарға толық дайындығын қамтамасыз етеді.

Зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу үшін қажетті құрал-жабдықтарды, өлшеу аспаптарын, электр құрылғыларын, демонстрациялық материалдарды және шығыс материалдарын алдын ала дайындайды.

Физика пәні мұғаліміне зертханалық, практикалық және демонстрациялық тәжірибелерді өткізу кезінде техникалық және практикалық көмек көрсетеді.

Зертханалық жабдықтардың, электр құрылғыларының, өлшеу құралдарының және басқа техникалық құралдардың жарамдылығын тұрақты бақылап, анықталған ақаулар туралы мектеп әкімшілігіне уақытылы хабарлайды.

Физика кабинетінде қолданылатын құрал-жабдықтардың, аспаптардың, оқу-көрнекілік құралдарының және шығыс материалдарының дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді.

Зертханалық жабдықтарды, құралдарды, аспаптарды және материалдарды есепке алуды, таңбалауды, түгендеуді және жүйелеуді жүргізеді.

Білім алушылардың зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау кезінде техника қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауын бақылайды.

Физика кабинетінің жаңа оқу жылына, мемлекеттік аттестаттауға және бақылаушы органдардың тексерулеріне дайындалуына қатысады.

Кабинеттегі құралдардың, жабдықтардың және техникалық құрылғылардың тазалығын, дұрыстығын және жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама журналдарын, құрал-жабдықтарды есепке алу журналдарын, түгендеу құжаттарын және өз құзыреті шегіндегі басқа да құжаттарды жүргізеді.

Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, санитариялық қағидалар және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, ұйымның ішкі еңбек тәртібі қағидаларына, лауазымдық нұсқаулыққа және білім беру ұйымы басшысының бұйрықтарына сәйкес өзге де міндеттерді орындайды.

Ескерту: Аталған лауазым негізгі қызметкердің жүктілігіне және босануына байланысты демалысы мен бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне уақытша болып табылады. Еңбек шарты негізгі қызметкер жұмысқа шыққан күнге дейін жасалады.

Коммунальное государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа – лицей №7» отдела образования города Семей управления образования области Абай объявляет конкурс на занятие временно вакантной должности лаборанта кабинета физики (1 ставка) на период отпуска основного работника по беременности и родам и отпуска по уходу за ребенком

Наименование должности, на которую объявлен конкурс

Лаборант кабинета физики коммунального государственного учреждения «Средняя общеобразовательная школа – лицей №7» отдела образования города Семей управления образования области Абай на период отпуска основного работника по беременности и родам и отпуска по уходу за ребенком.

Место проведения конкурса: область Абай, город Семей, улица Богенбайулы, 38А.

Контактный телефон: 8 (7222) 30-70-81.

Электронный адрес: kng_11@mail.ru.

Сроки подачи и место приема заявок

КГУ «Средняя общеобразовательная школа – лицей №7».

Дата проведения конкурса: с 05 августа 2026 года по 20 августа 2026 года.

Документы для участия в конкурсе принимаются с 05 августа по 13 августа 2026 года (включительно).

Рассмотрение документов конкурсной комиссией проводится с 14 августа по 20 августа 2026 года.

Прием документов осуществляется с понедельника по пятницу с 09:00 до 18:00 часов, перерыв на обед с 13:00 до 14:00 часов, кроме выходных и праздничных дней.

Требования к участнику конкурса

  • среднее специальное или высшее образование по специальностям «Физика», «Технические науки», «Инженерия», «Приборостроение» либо по родственным направлениям;
  • знание правил подготовки и проведения лабораторных и практических работ по физике;
  • знание правил эксплуатации лабораторного оборудования, измерительных приборов и электротехнических устройств;
  • знание требований охраны труда, техники безопасности, электробезопасности, санитарных норм и правил;
  • владение компьютерной техникой и офисными программами;
  • ответственность, исполнительность, аккуратность и дисциплинированность.

Должностные обязанности

Обеспечивает подготовку кабинета физики к проведению лабораторных, практических и демонстрационных работ.

Подготавливает лабораторное оборудование, измерительные приборы, электротехнические устройства, демонстрационные материалы, расходные материалы и учебное оборудование, необходимые для проведения учебных занятий.

Оказывает практическую помощь учителю физики при подготовке и проведении лабораторных, практических и демонстрационных опытов, факультативных занятий и внеклассных мероприятий.

Осуществляет проверку исправности лабораторного оборудования, электрических приборов, измерительных устройств и иных технических средств кабинета физики, своевременно сообщает администрации о выявленных неисправностях.

Обеспечивает правильное хранение лабораторного оборудования, приборов, инструментов, учебно-наглядных пособий и расходных материалов в соответствии с требованиями техники безопасности.

Осуществляет учет, маркировку, систематизацию и инвентаризацию лабораторного оборудования, приборов, инструментов, учебных материалов и расходных средств.

Контролирует соблюдение обучающимися требований техники безопасности, электробезопасности и правил охраны труда при выполнении лабораторных и практических работ.

Принимает участие в подготовке кабинета физики к новому учебному году, государственной аттестации и проверкам контролирующих органов.

Обеспечивает содержание кабинета физики и лаборантской в исправном техническом и санитарном состоянии, следит за сохранностью оборудования и учебного имущества.

Ведет установленную документацию, журналы учета оборудования, инструктажей по технике безопасности, инвентарные ведомости и другую документацию в пределах своей компетенции.

Обеспечивает соблюдение требований охраны труда, техники безопасности, электробезопасности, санитарных правил и норм, а также правил противопожарной безопасности.

Выполняет иные обязанности, предусмотренные трудовым законодательством Республики Казахстан, должностной инструкцией, правилами внутреннего трудового распорядка и приказами руководителя организации образования.

Примечание: Данная должность является временной и замещается на период отпуска основного работника по беременности и родам и отпуска по уходу за ребенком. Трудовой договор заключается на срок отсутствия основного работника.

 

Дата публикации
04 августа 2026