КГУ "СОШЛ №7" объявляет конкурс на занятие вакантной должности лаборанта кабинета химии (1 ставка)

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі химия кабинетінің зертханашысы бос лауазымына конкурс жариялайды (1 ставка)

Конкурс жарияланған лауазымның атауы

Химия кабинетінің зертханашысы Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Конкурсты өткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Бөгенбайұлы көшесі, 38А.

Байланыс телефоны: 8 (7222) 30-70-81.

Электрондық пошта: kng_11@mail.ru.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі және орны

«№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ.

Конкурс өткізу мерзімі: 2026 жылғы 05 тамыздан 20 тамызға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2026 жылғы 05 тамыздан 13 тамызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Конкурстық комиссия құжаттарды 2026 жылғы 14 тамыздан 20 тамызға дейін қарайды.

Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда жүргізіледі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар

  • химия, биология, зертханалық диагностика, жаратылыстану ғылымдары немесе сабақтас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік немесе жоғары білім;
  • химия пәні бойынша зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру негіздерін білу;
  • химиялық реактивтерді сақтау, пайдалану және кәдеге жарату қағидаларын, қауіпсіздік техникасы талаптарын білу;
  • зертханалық жабдықтармен, өлшеу аспаптарымен және химиялық ыдыстармен жұмыс істей білу;
  • компьютерлік сауаттылық және кеңсе бағдарламаларын меңгеруі;
  • жауапкершілік, ұқыптылық, тәртіптілік және орындаушылық.

Лауазымдық міндеттері

Химия кабинетінің зертханалық, практикалық және демонстрациялық сабақтарға толық дайындығын қамтамасыз етеді.

Практикалық және зертханалық жұмыстарды өткізу үшін химиялық реактивтерді, зертханалық жабдықтарды, өлшеу аспаптарын, химиялық ыдыстарды, шығыс материалдарын және көрнекі құралдарды алдын ала дайындайды.

Химия пәні мұғаліміне зертханалық, практикалық және демонстрациялық тәжірибелерді өткізу кезінде техникалық және практикалық көмек көрсетеді.

Зертханалық жабдықтардың, сорғыш шкафтардың, өлшеу құралдарының және басқа да техникалық құрылғылардың жарамдылығын тұрақты бақылап, анықталған ақаулар туралы мектеп әкімшілігіне уақтылы хабарлайды.

Химиялық реактивтердің, зертханалық жабдықтардың, химиялық ыдыстардың, құрал-саймандардың және оқу-көрнекілік материалдарының дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді.

Химиялық реактивтерді, жабдықтарды, зертханалық ыдыстарды және шығыс материалдарын есепке алуды, таңбалауды, түгендеуді және жүйелеуді жүргізеді.

Білім алушылардың зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауын бақылайды.

Химия кабинетінің жаңа оқу жылына, мемлекеттік аттестаттауға және бақылаушы органдардың тексерулеріне дайындалуына қатысады.

Пайдаланылған химиялық реактивтер мен химиялық қалдықтарды қолданыстағы санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкес кәдеге жаратуды ұйымдастырады.

Химия кабинеті мен зертханалық бөлменің тазалығы мен санитариялық жағдайын қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама журналдарын, реактивтер мен жабдықтарды есепке алу журналдарын, түгендеу құжаттарын және өз құзыреті шегіндегі басқа да құжаттарды жүргізеді.

Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, санитариялық қағидалар және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, ұйымның ішкі еңбек тәртібі қағидаларына, лауазымдық нұсқаулыққа және білім беру ұйымы басшысының бұйрықтарына сәйкес өзге де міндеттерді орындайды.

 

 

Коммунальное государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа – лицей №7» отдела образования города Семей управления образования области Абай объявляет конкурс на занятие вакантной должности лаборанта кабинета химии (1 ставка)

Наименование должности, на которую объявлен конкурс

Лаборант кабинета химии коммунального государственного учреждения «Средняя общеобразовательная школа – лицей №7» отдела образования города Семей управления образования области Абай.

Место проведения конкурса: область Абай, город Семей, улица Богенбайулы, 38А.

Контактный телефон: 8 (7222) 30-70-81.

Электронный адрес: kng_11@mail.ru.

Сроки подачи и место приема заявок

КГУ «Средняя общеобразовательная школа – лицей №7».

Дата проведения конкурса: с 05 августа 2026 года по 20 августа 2026 года.

Документы для участия в конкурсе принимаются с 05 августа по 13 августа 2026 года (включительно).

Рассмотрение документов конкурсной комиссией проводится с 14 августа по 20 августа 2026 года.

Прием документов осуществляется с понедельника по пятницу с 09:00 до 18:00 часов, перерыв на обед с 13:00 до 14:00 часов, кроме выходных и праздничных дней.

Требования к участнику конкурса

  • среднее специальное или высшее образование по специальностям «Химия», «Лабораторная диагностика», «Биология», «Естественные науки» либо по родственным направлениям;
  • знание правил подготовки и проведения лабораторных и практических работ по химии;
  • знание требований техники безопасности, санитарных норм и правил хранения химических реактивов;
  • навыки работы с лабораторным оборудованием, химической посудой и измерительными приборами;
  • владение компьютерной техникой и офисными программами;
  • ответственность, исполнительность, аккуратность и дисциплинированность.

Должностные обязанности

Обеспечивает подготовку кабинета химии к проведению лабораторных, практических и демонстрационных работ.

Подготавливает химические реактивы, лабораторное оборудование, приборы, химическую посуду, расходные материалы и демонстрационные материалы для проведения учебных занятий.

Осуществляет проверку исправности лабораторного оборудования, приборов, вытяжного шкафа и других технических средств кабинета химии, своевременно сообщает администрации о выявленных неисправностях.

Оказывает практическую помощь учителю химии при подготовке и проведении лабораторных, практических, демонстрационных опытов и внеклассных мероприятий по предмету.

Обеспечивает правильное хранение химических реактивов, лабораторного оборудования, приборов и учебно-наглядных пособий в соответствии с требованиями техники безопасности и санитарных норм.

Осуществляет учет, маркировку, систематизацию и инвентаризацию химических реактивов, оборудования, лабораторной посуды и расходных материалов.

Следит за соблюдением обучающимися правил техники безопасности при проведении лабораторных и практических работ.

Принимает участие в подготовке кабинета химии к новому учебному году, государственной аттестации и проверкам контролирующих органов.

Обеспечивает своевременную утилизацию химических отходов и использованных реактивов в соответствии с требованиями действующего законодательства.

Поддерживает чистоту и порядок в кабинете химии и лаборантской, контролирует санитарное состояние помещения.

Ведет установленную документацию, журналы учета реактивов, оборудования, инструктажей по технике безопасности и другую документацию в пределах своей компетенции.

Обеспечивает соблюдение требований охраны труда, техники безопасности, санитарных правил, норм пожарной и электрической безопасности.

Выполняет иные обязанности, предусмотренные трудовым законодательством Республики Казахстан, должностной инструкцией, правилами внутреннего трудового распорядка и приказами руководителя организации образования.

 

Дата публикации
04 августа 2026