Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің
«№ 53 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Құрылыс жылы |
2026 жыл |
|
Материалдық-техникалық база
|
Ғимарат саны – 1; қабат – 2 ; жалпы аумағы – 7246,8 кв.м.; жылу жүйесі – орталықтандырылған жылу жүйесі; сумен жабдықтау – орталықтандырылған; |
|
Жобалық сыйымдылығы |
300 |
|
Оқушы саны |
176 оқушы (12 сынып комплектісі) |
|
Оқыту бағыты
Педагогтар |
Жаратылыстану-математикалық бағыт Барлығы – 16, оның ішінде: педагог-шебер – 0; педагог-зерттеуші – 1; педагог-сарапшы – 7; педагог-модератор – 3; педагог – 4 |
|
Оқу кабинеттерінің саны |
30 |
|
Оқыту тілі |
Қазақша |
|
Кабинеттер |
Математика, қазақ тілі, биология, орыс тілі, химия, ойын кабинеті, МАД кабинеті, бастауыш сынып кабинеттері, би залы, ағылшын тілі кабинеті, физика кабинеті, цифрлық сауаттылық, информатика, робототехника, логопед кабинеттері, ән – күй, визуалды өнер, STEM, география, сенсор, технология, тарих, АӘЖТД және ас әзіплеу технологиясы кабинеті. |
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің
«№ 53 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2026 жыл, жалпы аумағы – 7246,8 кв.м, жылу жүйесі – орталықтандырылған жылу жүйесі, сумен жабдықтау – орталықтандырылған, 176 оқушы (12 сынып комплектісі), Жаратылыстану-математикалық бағыт, кабинеттер бар: Математика, қазақ тілі, биология, орыс тілі, химия, ойын кабинеті, МАД кабинеті, бастауыш сынып кабинеттері, би залы, ағылшын тілі кабинеті, физика кабинеті, цифрлық сауаттылық, информатика, робототехника, логопед кабинеттері, ән – күй, визуалды өнер, STEM, география, сенсор, технология, тарих, АӘЖТД және ас әзіплеу технологиясы кабинеті.
Начало формы
Конец формы
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа№ 53", введена в эксплуатацию 31 марта 2026 года, общая площадь школы составляет 7246,8 кв.м, система отопления - централизованное отопление, водоснабжение-централизованное, 176 учащихся (комплект 12 классов), естественно-математическое направление, имеются кабинеты: Математика, казахский язык, биология, русский язык, химия, игровой кабинет, кабинет МАД, кабинеты начальных классов, танцевальный зал, кабинет английского языка, физика кабинеты цифровой грамотности, информатики, робототехники, логопеда, пения, визуального искусства, STEM, географии, сенсора, технологии, истории, АСПТ и технологии приготовления пищи.
Касымов Болат Шарипханович
«№53 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директорының м.а.
Туған күні: 02.11.1979 жыл
Туған жері: ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы
Білімі
2008 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын аяқтап, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, бокс жаттықтырушысы мамандығын иеленген. Студенттік жылдардан бастап спорт пен білімді қатар алып жүрген, салауатты өмір салтын насихаттауды басты қағидаларының бірі ретінде ұстанады
Еңбек жолы
Еңбек жолын 2009 жылы «№22 мектеп-лицейі» КММ-де дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Осы жылдар ішінде оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың денсаулығын нығайтуға, тәртіптілік пен табандылық қасиеттерін қалыптастыруға зор үлес қосты.
2016 жылдан 2026 жылға дейін аталған білім ордасында тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарып, тәрбие жұмысының жүйелі жүргізілуіне, мектептің қоғамдық өмірінің жандануына, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Ұжыммен бірлесе отырып, көптеген мәдени-көпшілік, тәрбиелік іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына жетекшілік етті.
28.01.2026 жылы - «№53 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директорының м.а.
Бүгінгі күні мектеп директоры ретінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа жобаларды енгізіп, педагогтерге қолдау көрсетіп, оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытында табанды еңбек етіп келеді. Басшылық қызметінде жауапкершілік, әділдік, талапшылдық және іскерлік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Қасымов Болат Шарипханович – өз ісіне адал, жаңашылдыққа ұмтылатын, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, жас ұрпақтың болашағына зор жауапкершілікпен қарайтын білікті басшы. Оның кәсіби тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті мектеп ұжымының табысты жұмыс істеуіне негіз болып табылады.