АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№51 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
ПАСПОРТЫ
|
Директор: |
Абылкасимов Кайрбек Ануарбекович
|
|
Мекен-жайы: |
Қарағайлы шағын ауданы, 72 |
|
Салынған жылы: |
2024 жыл |
|
Ауысым саны: |
2 |
|
1-ауысымдағы оқушы саны
|
1249 оқушы |
|
2-ауысымдағы оқушы саны
|
1107 уч-ся |
|
Жобалық қуаттылығы |
1200 орын
|
|
Барлық жұмысшылар саны: |
233 |
|
оның ішінде мұғалімдер саны |
155 |
|
Орташа жалақы |
424 602 700 тенге |
|
Негізгі қызмет түрі |
Білім беру қызметі |
|
Жалпы ауданы |
13293 м2 (пайдалы аудан1790,6 м2) Ғимараттың негізгі корпусы – үш қабатты, блокты. |
|
Аумақ ауданы |
3,47 га |
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№ 51 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АНЫҚТАМА
КММ «№51 жалпы орта білім беретін мектеп» 1200 оқушыға арналған жобалық қуаттылыққа ие. Білім беру мекемесінің бір жылдық бюджеті 424 602 700 мың теңгені, ай сайынғы жалақы қоры 54 000 000 теңгені құрайды.
№51 мектептің басты мақсаты – оқушыларға қолжетімді әрі сапалы білім беру.
№51 жалпы орта мектеп – 3 қабатты ғимарат, оның құрамында 1 физика, 1 химия, 1 биология, 3 информатика кабинеті, 1 мультимедиялық кабинет, графика және модельдеу кабинеттері, 260 орындық акт залы, 420 орындық асхана, 3 зертхана бар.
Ғимаратта қозғалысы шектеулі топқа арналған бір лифт орнатылған. Сондай-ақ мұғалімдер мен оқушыларға арналған коворкинг-аймақтар, смарт-сыныптар, шығармашылық тәжірибелерге арналған 3D-принтерлер, робототехника кабинеттері, металл және ағаш ою шеберханалары бар.
Оқушылардың білім алу үдерісіне стационарлық компьютерлермен қатар ноутбуктер де қарастырылған. Екі спорт залы және мектептің артқы ауласындағы бірнеше спорт алаңы балаларға футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Work-out аймағы бар.
Оқу кабинеттерінде 52 интерактивті тақта, қосымша кабинеттерде 83 принтер орнатылған. Барлық кабинеттер толықтай жиһазбен жабдықталған, әр кабинетте пайдалануға арналған 5 шкаф бар. Мектепте 56 сыртқы және 101 ішкі бейнебақылау камерасы орнатылған. Ішуге арналған 9 су бұрқағы (фонтаны) бар. Оқушыларға 475 жеке шкафша қарастырылған.
Балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған: мектеп толықтай (200 дана) бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Мектепке кіріп-шығу турникеттер арқылы бақыланады. Қауіпсіздік бекеттері ұйымдастырылған. Мектеп антитеррорлық қорғау жүйесіне енгізілген.
Абылкасимов Кайрбек Ануарбекович
("№51 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры)
Туған күні: 23.07.1973 жыл.
Туған жері: Семей қаласы.
Білімі:
1995 жыл – Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институты, физика және информатика мамандығы,
2009 жыл -Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті құқықтану мамандығы, 2013 жыл - КГЮИУ дене шынықтру және спорт мамандығы,
2022 жыл – АБУ педагогика ғылымдарының магистры мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
25.08.1995-07.09.1995 - Физика және информатика мұғалімі, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп, ШҚО;
19.11.1995- 04.11.1996 - Әскери борышын орындады;
28.01.1997 - 29.06.1998 - ҚР IIБ қызмет атқарды;
09.09.1999- 14.12.2000 - ШҚО Көкпекті ауданы Болғанбаев атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі;
01.09.2001- 14.12.2006 - ШҚО Көкпекті ауданы Болғанбаев атындағыт орта мектеп Әскери дайындық жетекшісі және директордың әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары, математика пәні мұғалімі;
20.12.2006- 15.05.2007 - ШҚО Семей қаласы Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектеп АӘД пәні мұғалімі;
03.01.2009-24.08.2009 - ШҚО Семей қаласы №36 орта мектеп, АӘД пәні мұғалімі;
01.09.2009-31.08.2010- ШҚО Семей қаласы «Физика – математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі АӘД пәні бойынша ұйымдастырушы мұғалім»;
15.03.2012-04.09.2013-«ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ Әдістемелік кабинеттің әдіскері;
04.09.2013-10.02.2023 - ШҚО Семей қаласының білім бөлімі ММ №39 жалпы орта білім беретін мектеп КММ мектеп директоры;
10.02.2023-07.04.2025- Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "№15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры;
07.04.2025 ж бастап - Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "№51 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры
Абылкасимов Кайрбек Ануарбекович - жалпытеориялық пәндер бойынша педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді шешуде білімді, білгір басшы. Басшы ретінде мектептің инновациялық қызметіне зор үлес қосты. Қазіргі мектепті басқарудың теориясы мен тәжірибесін жетік меңгерген, педагогика және балаларды оқыту мен тәрбиелеу психологиясы мәселелерінде құзыретті, тәжірибелі әдіскер. «Үш Б» ұлттық құндылыққа негіздеген авторлық бағдарламасының авторы. Өмірлік ұстанымы белсенді, шығармашыл басшы.