Семей қаласының мектептерінде инклюзивті білім беру жағдайларын жасау мониторингінің қорытындысы бойынша анықтама

 

Анықтама

ҚР Премьер-министрінің орынбасары -Мәдениет және ақпарат министрі

А Балаеваның, 2026 жылғы 26 ақпандағы оқу-ағарту министрлігі алқасының  кеңейтілген  отырысында берілген тапсырмасына сәйкес Абай облысы білім басқармасының № 1329 хаты негізінде,білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру талаптарының орындалуын зерделеу мақсатында

          «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   2026 жылғы                     19 наурыздағы №01-04/248 бұйрығы негізінде :№№1,2,3,4,5,7,8,9,10,11,12,13,15,16,17,18,19,20,21,22,23,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,36,38,39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,51,52, м/б №14, Аймауытов ат. ОМ  (барлық мектептерде)  білім беруді дамыту және әдістемелік көмек көрсету саласындағы мектептердің қызметіне мониторинг жүргізілді.(6 гимназия, 37 гимназия ,экономикалық лицей ЕББҚ ететін білім алушылары болмағандықтан зерделенбеді).

Жоғарыда аталған мектептерге жүргізілген мониторинг барысында мыналар атап өтілді:

               Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді зерделегенде бірнеше маңызды бағыттарға назар аударылды. Бұл тек мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қосу емес, бүкіл білім беру жүйесін бейімдеу процесі.

          Мектептің саясаты мен мәдениетін қарастырылды. Инклюзия қағидалары мектеп құжаттарында ғана емес, күнделікті тәжірибеде қалай іске асатыны маңызды. Мұғалімдер мен әкімшіліктің көзқарасы, оқушылар арасындағы қарым-қатынас – бәрі де тең мүмкіндіктерді қолдай ма, соны бағалау қажет.( сұрақ - жауап арқылы жүргізілді)

          Оқу бағдарламасы мен әдістемелеріне көңіл аударылды. Бағдарлама икемді ме, әртүрлі білім алу қажеттіліктеріне бейімделген бе? Мұнда инклюзивті білім беру қағидаларына сәйкес сараланған оқыту, жеке оқу жоспарлары, қолдау әдістері қолданыла ма – осыны зерттеу маңызды болды.

          Мұғалімдердің кәсіби дайындығы үлкен рөл атқарады. Педагогтар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге дайын ба? Олар арнайы әдістерді, психологиялық қолдау тәсілдерін меңгерген бе?

          Қолжетімді орта (инфрақұрылым). Мектеп ғимараты барлық оқушыларға қолайлы ма? Пандустар, лифтілер, арнайы жабдықтар, оқу материалдары бар ма – осылар қарастырылды.

          Қолдау қызметтері: психолог, логопед, дефектолог,әлеуметті педагог, педагог ассистент  сияқты мамандардың болуы және олардың жұмысының тиімділігі маңызды. Бұл қызметтер оқушының толыққанды білім алуына көмектеседі. Ата-аналардың қатысуы,, олардың пікірлері, мектеппен серіктестігі – инклюзивті білім берудің табысты болуының негізгі факторларының бірі.

Оқушылардың жетістіктері қалай бағаланады? Бағалау жүйесі барлық балаларға әділ әрі қолайлы ма?

          Инклюзивті білім беруді зерделегенде тек оқушыны емес, бүкіл білім беру ортасы кешенді түрде қарастырылды.

  1. Жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді енгізу жүйесін талдау
  2. Инклюзивті білім беруді реттейтін және инклюзивті білім беруді енгізу мен дамыту жөніндегі құжаттаманы жүргізетін нормативтік құжаттар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына негізінде т., 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы және 2009 жылығы 13 шілдедегі   № 338 бұйрықтарды басшылыққа аламыз
  3. Зерделенген мектептер бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар туралы статистикалық деректер: ЕББ қажет ететін білім алушылар саны инклюзив сыныптарда-976.

Төмендегілер қол жетімді:

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар туралы статистикалық деректер;

-ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың бекітілген тізімдері;

- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға  арналған ПМПК қорытындылары жоғарыда аталған мектептептердің барлығында бар.

III. Педагогтер:

Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің біліктілігін арттыру – негізгі шарттардың бірі, өйткені мұғалімнің дайындығы бүкіл үдерістің сапасына тікелей әсер етеді.Инклюзивті білім беру әртүрлі білім алу қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істеуді талап етеді. Мұғалімдер оқыту әдістерін бейімдей алмаса, оқушылардың бір бөлігі оқу процесінен шет қалуы мүмкін. Сондықтан біліктілікті арттыру педагогтарға сараланған оқыту, жеке тәсіл қолдану сияқты дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті күшейтеді. Мұғалімдер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мінез-құлқын, даму ерекшеліктерін дұрыс түсініп, оларға тиімді қолдау көрсете алады. Бұл сыныптағы қолайлы эмоционалдық ортаны қалыптастыруға көмектеседі.

Біліктілікті арттыру заманауи әдістер мен технологияларды қолдануға жол ашады. Арнайы оқыту құралдары, цифрлық ресурстар, бейімделген бағалау тәсілдері – мұның бәрі мұғалімнің кәсіби дамуы арқылы жүзеге асады. Біліктілікті арттыру – тек жеке мұғалімнің емес, бүкіл мектептің дамуына әсер етеді. Жақсы дайындалған педагогтар ұжымы инклюзивті мәдениетті қалыптастырып, барлық балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз етеді.

ЕБҚ бар балалармен жұмыс істейтін, сабақ беретін педагогтер саны-2275, олардың ішінде  ЕБҚ бар балалармен жұмыс істеу бойынша курстан өткен педагогтер саны-1987,   ол  63,7   %  құрайды.

ІІІ. Арнайы педагогтердің болуы/қажеттілік.

Инклюзивті білім беру жағдайында арнайы мамандардың болуы – жай қосымша емес, қажеттілік. Өйткені мұндай білім беру жүйесі тек мұғалімнің күшімен ғана толық жүзеге аспайды. Инклюзивті білім беру әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Психолог, логопед, дефектолог,педагог -  ассистент  сияқты мамандар баланың даму деңгейін кәсіби тұрғыда анықтап, нақты қандай қолдау қажет екенін белгілейді. Бұл дұрыс бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Арнайы мамандар түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Мысалы, логопед сөйлеу кемшіліктерін түзетсе, дефектолог оқу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, ал психолог пен педагог - ассистент эмоционалдық және мінез-құлық мәселелерін реттейді. Мұндай кешенді қолдау болмаса, бала толыққанды білім ала алмауы мүмкін.

Сонымен қатар, арнайы мамандар мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетеді. Педагогтарға әр оқушымен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріп, тиімді тәсілдерді ұсынады. Бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқыту сапасын арттырады.

Арнайы мамандар ата-аналарға кеңес беріп, баламен үйде қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді. Бұл мектеп пен отбасы арасындағы байланысты күшейтеді.

Арнайы мамандардың болуы – оқушының тек білім алуына ғана емес, оның әлеуметтік бейімделуіне де әсер етеді. Яғни бала өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіне бастайды.Арнайы мамандар – инклюзивті білім берудің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін негізгі буындардың бірі.

Мұғалім-дефектолог/дефектолог-45, қажеттілік-14;

Мұғалім-логопед/-33, қажеттілік- 9;                                                                                           Педагог- психолог-81, қажеттілік- 4;                                           Мектеп директорының орынбасары инклюзия білім беру жұмысы бойынша- қажеттілік - 9;

ІV. Психологиялық- педагогикалық  қолдау кабинеті.

Қолдау кабинеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің     2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз етіледі.

Психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттерінің болуы инклюзивті мектепте өте маңызды, өйткені олар оқушыға жүйелі әрі кәсіби көмек көрсетудің орталығы болып табылады.Инклюзивті білім беру жағдайында әр баланың қажеттілігі әртүрлі болады. Қолдау кабинеті осы ерекшеліктерді ескеріп, оқушыға жеке көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда баланың даму деңгейі анықталып, соған сәйкес жеке қолдау бағдарламасы жасалады.

Бұл кабинетте түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Психолог, логопед, дефектолог сияқты мамандар бірлесіп жұмыс істеп, баланың сөйлеуін, ойлауын, мінез-құлқын және оқу дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтар өткізеді. Бұл оқушының жалпы оқу процесіне бейімделуін жеңілдетеді.

Қолдау кабинеті эмоционалдық қауіпсіз орта қалыптастырады. Кейбір балаларға үлкен сыныпта оқу қиын болуы мүмкін, ал арнайы кабинет олар үшін сенімді, тыныш кеңістік болып табылады.

Мұндай кабинеттер мұғалімдерге әдістемелік және практикалық көмек береді. Педагогтар оқушылармен жұмыс істеуде қиындықтарға тап болғанда, осы мамандардан кеңес алып, тиімді шешімдер таба алады.

Ата-аналармен байланыс нығаяды. Қолдау кабинеті арқылы ата-аналар баласының дамуы туралы нақты ақпарат алып, үй жағдайында қандай жұмыстар жүргізу керектігін үйренеді.

Психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері – оқушының жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін, мұғалім мен ата-ананы байланыстыратын және инклюзивті білім берудің сапасын арттыратын маңызды құрылым.

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы негізінде кабинет атауын өзгерту  (№№ 2,3, 4, 9,16, 17, 31,34,42,45,51,52  ұсынылды.

№№ 8, 13, м/б № 14, № 18, 23,26,28, 29,40, 43 – ОМ-де ППҚҚ ашу және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен толықтыру ұсынылды- төмендегі №№19,20,7,35,27,21,10,36,44,38,15  мектептерге толықтыру ұсынылды.

          V.Психологиялық педагогикадық қолдау қызметінің құжаттары:

  • Мектептік психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін құру туралы бұйрық шығарылады (толық құрамының болуы ,басшы, орынбасарлар, арнайы педагогтер, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент, педагог-кәсіптік бағдар беруші,медбике);
  • №№1,2,3,4,5,7,8,9,10,11,12,13,15,16,17,18,19,20,21,22,23,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,36,38,39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,51,52, м/б №14, Аймауытов ат. ОМ барлық мектептерде бар.
  • Мектеппен ата – ана арасындағы келісім – шарт, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушымен психологиялық – педагогикалық қолдау жұмысын жүргізуге заңды өкілінен келісім ); №№1,2,3,4,5,7,8,9,10,11,12,13,15,16,17,18,19,20,21,22,23,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,36,38,39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,51,52, м/б №14, Аймауытов ат. ОМ  барлық мектептерде бар.
  • Білім беру ұйымындағы психологиялық-педагогикалық қолдау туралы ереже, лауазымдық міндеттері; (2025 жылғы 29 сәуірдегі  № 92 бұйрығы және 2009жылығы 13 шілдедегі   № 338 бұйрықтарды басшылыққа аламыз) ; №№1,2,3,4,5,7,8,9,10,11,12,13,15,16,17,18,19,20,21,22,23,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,36,38,39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,51,52, м/б №14, Аймауытов
  • Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету туралы бұйрық ; ( негіздеме ПМПК анықтамасының нөмірі, оқу бағдарламасы жалпы, бейімделген, жеке көрсетіледі) ) №№1,2,3,4,5,7,8,9,10,11,12,13,15,16,17,18,19,20,21,22,23,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,36,38,39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,51,52, м/б №14, Аймауытов ат.; барлық мектептерде бар.
  • Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің оқу жылына арналған жылдық жоспарын №№1,2,3,4,5,7,8,9,10,11,12,13,15,16,17,18,19,20,21,22,23,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,36,38,39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,51,52, м/б №14, Аймауытов ат.   ( «Инклюзивті білім берудің заманауи парадигмасы» 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді іске асыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық, 2025 жылғы 29 сәуірдегі  № 92 бұйрығымен, жалпы мектеп бойынша жасалады) ); барлық мектептерге өзгерту толықтыру ұсынылды.
  • Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің отырысына тіркеу журналы (ППҚ қызметі мамандарының жоспарлы отырысына оқушыларды күн,ай,оқу жылымен тіркеу); №34,45, 52, 8, 9, 51, 18, , 40, 29, 31, 28, 43, я/с 14 мектептеріне ұсынылды.
  • Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырысының ұсыныстары мен қорытындыларын тіркеу журналы ( ППҚ мамандары, сынып жетекшілері отырыста айтқан ұсыныстары мен қорытындылары, ПМПК қорытындысында бекітіліп берген мамандар тіркеледі); қалалық мектептеріне ұсынылды.
  • Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының  хаттамасы (жоспарлы түрде ППҚ қызметі мамандарының үш отырысы болады. Сонымен қатар әр тоқсан ішінде жаңадан келген ЕБҚ оқушыға кезектен тыс отырыс өткізіледі);  қала мектептеріне ұсынылды.
  • Облыстық, қалалық ПМПК - ға мінездеме (ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыны мерзім бойынша арнайы мамандар кеңесінен жылына 1 рет өткізу). №№1,2,3,4,5,7,8,9,10,11,12,13,15,16,17,18,19,20,21,22,23,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,36,38,39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,51,52, м/б №14, Аймауытов ат.

барлық мектептер мінездеме үлгісін сақтай отырып, уақытылы өткізді.

  • Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге қосымша ақы төленетін 40% қосымша төлем туралы бұйрық  №№1,2,3,4,5,7,8,9,10,11,12,13,15,16,17,18,19,20,21,22,23,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,36,38,39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,51,52, м/б №14, Аймауытов ат. барлық мектепте бар.
  • Қолжетімді орта (инфрақұрылым) 21, 15,45, 46,49,50,51, 52, толықтай жасалып қамтылған.

Басқа мектептерде көтергіштер,арнайы жабдықталған сыныптар, логопед, дефектолог кабинеттері, ыңғайлы жиһаз және қауіпсіз орта тікелей бюджет тарапынан қарастырылуда.

Мектептердегі ППҚ қызметін зерделеу нәтижелері бойынша:

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық қолдау (ППҚ) қызметінің жұмысын зерделеу өзекті мәселе болып табылады. Инклюзивті білім беру жағдайында бұл қызмет оқушылардың жеке білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Жүргізілген зерделеу барысында мектептердегі ППҚ қызметінің ұйымдастырылуы, құжаттамасы және практикалық жұмысы қарастырылды. Нәтижесінде бірқатар мәселелер мен жетістіктер анықталды.

Зерделеу барысында анықталған негізгі жағдайлар:

  1. Ұйымдастыру деңгейі

ППҚ қызметі ресми түрде құрылғанымен, оның жұмыс істеу жүйесі толық қалыптаспаған. Қызмет құрамындағы мамандардың міндеттері нақты бөлінбеген жағдайлар кездесті.

  1. Жоспарлау жұмысы

Жылдық және отырыс жоспарлар бар болғанымен, олардың бір бөлігі жалпы сипатта жасалған. Нақты мақсат, нәтиже және өлшенетін көрсеткіштер жеткіліксіз көрсетілген.

  1. Диагностикалық жұмыс

Оқушыларға бастапқы диагностика жүргізілген, алайда №34,45, 52, 2, 8, 9, 51, 18, 3, 40, 29, 31, 16, 23, 28, 43, мектеп-бақша № 14 оның нәтижелері жүйелі түрде( аралық) жаңартылмаған. Даму динамикасын бақылау толық деңгейде жүргізілмейді.

  1. 4. Арнайы маман дефектолог, логопед , педагог – ассистент:

№№ 4, 34, 52 , 45, 8, 9, 51, 2, 18, 3, 40, 29, 4, 31, 16, 23, 28, 43 жалпы білім беретін мектептерде және мектеп-бақша № 14  педагог-дефектолог және педагог-логопед мамандарын зерделеу барысында  көрсетілген құжаттардың толық еместігі анықталды. Түзете-дамыту бағдарламасы, жетістік картасы, жеке түзете дамыту жоспары, күнтізбелік тақырыптық жоспар,  диагностикалық қортынды материалдары. Аталған құжаттарды толықтыру және талапқа сай рәсімдеу қажеттілігі ескертілді.Құжаттарды толықтыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. (кемшіліктер зерделеу барысында жойылды)

  1. 5. ППҚ отырыстары

Қала мектептерінің бәрінде отырыстар өткізіледі, бірақ кей жағдайларда хаттамалар толық толтырылмайды (толық толтыру ұсынылып,әдістемелік көмек көрсетілді,).

  1. Мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыс

Кеңес беру жұмыстары жүргізілгенімен, жүйелі түрде жоспарланған әдістемелік қолдау мен ата-аналарды белсенді тарту жеткіліксіз деңгейде.

Қорытынды       

Жүргізілген зерделеу нәтижесінде ППҚ қызметінің кей мектептерде қалыптасқанын, алайда оның толық жүйелі деңгейде жұмыс істемейтінін көруге болады. Негізгі қиындықтар құжаттаманың әлсіздігі, мониторингтің жеткіліксіздігі және мамандар (арнайы мамандардың жетіспеушілігі) арасындағы үйлесімнің толық болмауымен байланысты.

Ұсыныстар:

Қалалық әдістемелік кабинет:

  1. ППҚ қызметінің жұмысын нақты регламенттеу;
  2. Құжаттаманы бірыңғай жүйеге келтіру;

3.ППҚ қызметінің жылдық жоспарына « Инклюзивті білім берудің заманауи парадигмасы» 2025 – 2030 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді іске асыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулығын енгізу – жұмысты жүйелеу, ғылыми негіздеу және инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асырудың маңызды құралы.

Мектеп директорларына:

  1. Мониторинг пен бақылауды күшейту;
  2. Мамандардың бірлескен жұмысын арттыру;
  3. Ата-аналармен жұмысты жүйелеу;
  4. Қолжетімді орта (инфрақұрылым)

Мектеп директорларының орынбасарларына:

  1. 1. Оқу бағдарламасы мен әдістемелер

Бұл – оқу мазмұнының және оқыту тәсілдерінің әртүрлі білім алу қажеттіліктеріне бейімделуі. Инклюзивті білім беру аясында оқу бағдарламасы икемді болып, сараланған тапсырмалар, жеке оқу жоспарлары және баланың мүмкіндігіне сай әдістер қолданылуы қажет.

  1. 2. Мұғалімдердің кәсіби дайындығы

Мұғалімдердің кәсіби дайындығы – педагогтардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істеуге қажетті білім, дағды және құзыреттіліктер деңгейі. Бұл олардың арнайы әдістерді қолдану, қолдау көрсету және әр оқушыға жеке тәсіл табу қабілетін қамтиды.

  1. 3. Командалық жұмысты үйлестіру

Барлық мамандар(психолог, логопед, дефектолог, мұғалім)  бір парадигма аясында жұмыс істегенде, олардың әрекеттері бір-бірін толықтырады және қайшылықтар азаяды.

Педагогтерге:

  1. 1. Қолдау қызметтері

Қолдау қызметтері – оқушылардың оқу және даму қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін көрсетілетін арнайы мамандар көмегі. Бұған психолог, логопед, дефектолог сияқты мамандардың жұмысы және олардың оқушыға кешенді қолдау көрсетуі жатады.

  1. 2. Ата-аналармен және қоғаммен байланыс

Бұл – мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы серіктестік қарым-қатынас. Ата-аналардың білім беру процесіне қатысуы, ақпарат алмасу және бірлескен шешім қабылдау инклюзивті ортаны нығайтады.

  1. 3. Бағалау және мониторинг жүйесі

Педагогикалық ұжымның жылдық жоспарына 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді енгізу бойынша «Инклюзивті білім берудің заманауи парадигмасы» әдістемелік ұсынымдарын енгізу жұмысты жүйелеудің, ғылыми негіздеуді қамтамасыз етудің және инклюзивті білім беруді тиімді енгізудің маңызды құралы болып табылады. Бұл тәсіл жоспарды ресми құжаттан нақты даму стратегиясына айналдырады.

 

Дата публикации
05 июня 2026