Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытумен қамту үшін, тең қолжетімділікті қамтамасыз етуде қаладағы барлық мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды кезекке қою, жолдама алу рәсімі ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылып, жыл басында"Индиго" жүйесі жұмыс жасаса, 2026 жыл сәуір айынан бастап BALABAQSHA https://balabaqsha.snation.kz/ru/abai іске қосылған. Балалардың жеке даму картасы цифрландырылған.
Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс бойынша 1 балаға толық төлем 60600 теңгені, арнайы білім беретін мекемелерде 107950 теңгені құрайды. 2-3 жастағы балаларға тамақтану төлемі 22370тг, 3-5 жасқа дейінгі балаларға 29438 теңге, төлемді ата-аналар жасайды. Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2-6 жастан 95 % пайызды, 3-6 жастан 100 % пайызды құрайды. Балабақша кезегінде 2546 бала тұр
Биыл Семей қаласында 9 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме ашылып, 115 жаңа орын ұсынылып, қосымша 542 орын мемлкеттік тапсырыспен кеңейтілді. Мектепке дейінгі білім берумен қамтылу 89% құрайды.
2027 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1420 орындық 5 балабақша салу жоспарланып отыр. Мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 83 мектепке дейінгі ұйымдары, оның ішінде (14-мемлекеттік, 67-жекеменшік, 5 мектеп жанындағы мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс істеуде.
МДҰ-да 1135 педагог жұмыс істейді, магистр-6, жоғары кәсіби білімі бар -598 (жоғары мектепке дейінгі білімі бар-48), арнаулы орта білімі бар-38 (арнаулы орта мектепке дейінгі білімі бар-445).
Педагогтердің сапалық құрамында «педагог-зерттеуші»-17, «педагог-сарапшы»-38, «педагог-модератор»-88, жоғары санатты-1, бірінші санатты-1, бейсанатты педагог-990. Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету және қолдау мақсатында 5 білікті педагогтен құралған 5 мобильді топтың жұмысын жалғастыруда.Жас мамандар саны 17 артып, 129 құрады.
Сондай ақ құзыреттілік орталықтары өз жұмыстарын жалғастыруда. Семей қаласының №2 «Айдана», №5 «Бала әлемі», № 6 «Нұрсауле», №7 «Ақ бота», №8 «Балбөбек», №9 «Айгөлек», №11 «Ертөстік» мектепке дейінгі ұйымдарынан 7 құзыреттілік орталықтары құрылып, озык педагогикалык тәжірибелерін таратуда. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жұмысын синхрондау арқылы білім беру процесінде балалардың жеке дамуының үздіксіздігі мен дәйектілігін қамтамасыз ететін төрт бағыт айқындалды. Құзыреттілік орталықтардың негізгі міндеті – педагогтердің кәсіби деңгейін көтеру, ата-аналармен жұмыс істеу, балалардың психологиялық дамуына ықпал ету.
Балалардың ерте жастан сапалы білім алуына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ата-аналарға арналған 72 кеңес беру пункті құрылып, онда 1990 бала қамтылып жатыр. Кеңес беру орталықтары балалар клубтары, ойынмен қолдау орталықтары және ата-аналардың өзіндік білімін көтеруге бағытталған ерте әлеуметтену сияқты жаңа формалармен толықтырылды және балаларды жас ерекшелігіне сәйкес дамыту, оның ішінде күтім мен дұрыс тамақтандыру, қауіпсіздік шаралары т.б. мәселелерді қамтыды.
Мектепке дейінгі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету үшін білім бөлімінің әдістемелік кабинет жанынан 3 мобильді топ құрылды. Мобильдік топта барлығы 15 педагог қамтылған. Бірінші топта балабақша әдіскерлері мен меңгерушілері мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру бағытында жұмыстарды ұйымдастыруға көмек көрсетті. Екінші мобильді топтың қызметі педагогтер мен ата-аналар: балалардың қызығушылығы негізіндегі ынтымақтастық тақырыпты жүзеге асыруға бағытталған. Үшінші топты педагог-психолог, логопед, дефектолог мамандары құрады, өз жұмыстарын балабақша педагогтеріне ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастыруға бағыттады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың ұжымдары - Семей қаласының құзыреттілік орталықтары түзету және инклюзивті топтардың жұмысын, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен педагогтердің өзара іс-қимыл тәсілдері мен технологияларын, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологиялар мен тиімді әдістемелерді қолдануды көрсетті.
2026 жылдың 13 ақпанында «№4 Балдәурен»КМҚК базасында «Ерекше білімді қажет ететін балалармен түзеті-дамыту жұмысын ұйымдастырудағы тиімді әдістер» тақырыбында логопедтерге, дефектологтарға, психологтарға арналған қалалық семинар ұйымдастырылды.
Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеші, музыка жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушылары, психологтар және әдіскерлерге арналған облыстық деңгейде 7, қала деңгейінде 12 семинар-практикум ұйымдастырып, меңгерушілерге арналған ашық есік күні, әдістемелік отырыстар өткізілді.
Балабақшаларда дәстүрлі садақ атудан үйірмелер ашылуда, әкелердің қатысуымен балалар арасында садақ атудан «Кім мерген» жарысы өткізілді. Педагогтар арасында «Бестемше» казактың ұлттық ойынынан озық тәжірибе тарату мақсатында қалалық, облыстық спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2026 ж 7 қаңтарда аралас тілде оқытатын балабақшалар арасында «Қазақшаң қалай балақай?» атты қалалық байқау өтті. Сайысқа мектепке дейінгі мекемелерденден 4-5 жастағы балалар құрамынан тұратын 15 балабақшалары және қазақ тілі пәнінің мұғалімдері қатысты. Сайысқа қатысушылар номинациялар бойынша сыйлықтармен және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
Оқу сауаттылығын дамыту жоспарын іске асыру «Балалар кітапханасы» жобасы аясында өтуде. Тәжірибе алмасу және жобаны енгізу мақсатында әдістемелік сағат өткізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдарда барлық топтарда кітап бұрыштары ұйымдастырылып, балаларға арналған кітаптар, аудио туындылар жинақталған. Балалар кітаптарды өз бетінше қарастырады, ойындарда тыңдалған шығармалардағы кейіпкерлердің әрекеттерін қайталайды немесе ойындағы кейіпкердің рөлін өз бетінше ойнайды. Тәрбиешілер балаларға күнделікті кітап оқиды, балалардың оқыған, тыңдаған шығармаларынан әсер алуына ықпал етеді, балалардың жасына сәйкес өлең оқиды, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсетеді. Балабақшалар арасында «Менің отбасым оқырман», «Ұйықтар алдында кітап оқу-әдет», «Менің сүйікті ертегім» челлендж видеороликтері әлеуметтік желілерге, өз инстаграм парақшаларына салынды. Тәжірибе алмасу және жобаны іске асыру мақсатында ай сайын әдістемелік сағат өткізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдарда кітап бұрыштары ұйымдастырылып, балаларға арналған кітаптар, аудио туындылар жинақталған. Балабақшаларда балалар көркем әдебиеті туындыларының QR-кодтары бар каталогтар, лапбуктар жасалды, ата-аналарға арналған жадынамалар ресімделді.
Балабақшалар М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен, Семей қаласының Шәкәрім университеті тағы басқа түрлі ұйымдармен, қала мектептерімен табысты ынтымақтасады. Студенттер педагогикалық практикадан балабақшада өтеді. Мұндай тәжірибе педагогикалық қызметтің барлық аспектілерін білуге және тәрбие процесін ұйымдастыру туралы идеяларды едәуір кеңейтуге, балаларды дамытудың әртүрлі әдістері мен әдістерімен танысуға мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының тұрмыстық заттарымен және салт-дәстүрлерімен таныстыру үшін әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес барлық балабақшаларда ұлттық бұрыштарының атын өзгертіліп, ұлттық құндылықтар кабинеті, орталығын, бұрыштарын қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, музыкалық аспаптарымен, әшекей бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен жабдықталып, ұлттық ойындарын ойнауға орындар, кілем тоқитын, құмыра, ыдыс-аяқ жасайтын құралдармен, қыздардың шашын өретін, қамшы өретін бұрыштар жасалды, «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Жас аналар мектебі» ашылып, «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы іске асырылуда. Мектепке дейінгі ұйымдарда 2023-2026 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспарына сәйкес, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізу мақсатында балабақшаларда барлығы 135 әжелер, аналар, аталар, әкелер мектептері ашылды. Мектепке дейінгі ұйымдар өз жобаларын ұсынып, жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, ата-аналарға бaлaның дaму процесiне қызығушылығын aрттыруғa және мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымының тәрбиелеу-бiлiм беру процесiне aтa-aнaлaрды тaртудың негiзгi тәсiлдерiн aшуғa, aтa-aнaлaрдың тәрбиелеу-бiлiм беру процесiне қaтысу мүмкiндiктерi мен түрлерiн aйқындaу бойыншa жұмыстар жұргізуде.
Семей қаласындағы 9 балабақшада 22 түзету тобы жұмыс істейді, онда ПМПК жолдамасы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар 310 бала тәрбиеленуде, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.
24 балабақшада инклюзивті білім беру топтары бар, онда ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия) қорытындысымен 103 бала тәрбие алуда. Барлығы түзету топтарында 7 психолог, 5 логопед, 4 дефектолог, 1 сурдопедагог, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған балабақшада қосымша массажист, терапевт, невропотолог жұмыс атқарады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүру және балабақшада оқыту процесін ұйымдастыру қажеттігі көбеюде. Осы балалардың ата-аналырына дұрыс психологиялық көмек көрсету басты мәселе болып тұр. Психикалық дамудың тежелуі, сөйлеудің жалпы бұзылуы бар балалардың ата-аналарын психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу мәселесіде ата-ана жағынан көбіне дұрыс қабылданбайды. Жекеменшік балабақшаларының 70% педагог-психолог, логопед мамандарының болмауына байланысты бұл мәселелер дұрыс жеткізілмей, теріс пікір туындатуда.
Мектепке дейінгі мекемеде пәндік-дамыту ортасын жаңарту міндеттін шешу мақсатында заттық-дамыту ортаны толықтыру барысында Алтын-бесік, Айналайын, №7 «Ақ бота», № 5 «Бала әлемі», № 6 «Нурсауле», № 9 «Айголек» балабақшалары Интерактивтік панельмен, робототехника бойынша LEGO WeDo жиынтықтарымен, роботышқан, робот Botley, робомашина (Coding Crew), сиқырлы тегершіктер құрастырғыштарымен толықтырылды. «Стем», «Интеллектум» технологиясымен «Ақылтай», «Өрлеу», «Ерудит Кидс», «Жулдыз-Ардак», «Айналайын», «Беби кея», №11 «Ертөстік», №8 «Балбөбек», №7 «Ақ бота», №6 «Нұрсауле», №4 «Балдаурен»-10 балабақшада 72 педагог айналысуда. №5 «Бала әлемі», №6 «Нұрсауле», №10 «Балбұлақ» балабақшаларының педагогтары білім беру процесін ұйымдастыруда жасанды интеллекті тығыз пайдалануда.
Оқу жылының басында, қыркүйек айында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізуге арналған әдістемелік ұсынымдарға» сәйкес бастапқы мониторинг жүргізілді.
2025–2026 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен тәрбиеленушілері республикалық байқауларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
«Менің елім – менің бақытты балалық шағым» республикалық байқауының қалалық кезеңінде «Erudit kids» ЖШС балабақшасының хореография жетекшісі Имамова Сағыныш Сабыржанқызы І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
«Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» республикалық байқауының қалалық кезеңінде «Erudit kids» ЖШС балабақшасының әдіскері Сейтмуратова Сая Бауыржанқызы мен тәрбиешісі Салықбаева Тоғжан Айтмұхамқызы жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге өтті.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Менің әкем – полиция қызметкері» республикалық сурет көрмесінің қалалық кезеңі қорытындысы бойынша «№11 «Ертөстік» бөбекжайы» КМҚК тәрбиеленушісі Орынтай Кеңесарының жұмысы облыстық кезеңде жеңімпаз атанды. Жетекшісі – Исабаева Сәуле Сансызбайқызы.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» республикалық байқауының қалалық кезеңінде №11 «Ертөстік» бөбекжайының әдіскер-тәрбиешісі Маутқанова Жаңылтай Кенесбекқызы және №7 «Ақ бота» бөбекжайының педагогі Жотабаева Жұлдыз Мұсақызы І орын иеленді. Республикалық кезең қорытындысы бойынша арнайы номинациямен марапатталды.
Республикалық байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша «№1 «Арман» бөбекжайы» КМҚК дене шынықтыру маманы Советханов Еркебұлан Амангелдіұлы жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.
«Мектепке дейінгі ұйымдардағы қазақ тілінің үздік әрекеті» республикалық байқауының қалалық кезеңінде «№4 «Балдәурен» бөбекжайы» КМҚК педагогі Мухаметкалиева Кенжегүл Ақанқызы жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Аталған нәтижелер педагогтердің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін, шығармашылық ізденісін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқыту жұмыстарының сапасын көрсетеді. Байқауларға қатысу педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби дамуына және үздік тәжірибелерді насихаттауға мүмкіндік берді.
2025–2026 оқу жылында өткізілген семинарлар туралы есеп
2025–2026 оқу жылы барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу және білім беру үдерісінің сапасын жетілдіру мақсатында бірқатар семинарлар ұйымдастырылып өткізілді.
2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының Абай облысы бойынша өкілдігі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Инклюзия стратегиялары: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды дамыту және қолжетімді орта құру» тақырыбында ақылы семинар өткізді. Семинар барысында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау және қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
2026 жылғы 13 ақпанда «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырудағы тиімді әдістер» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді тәжірибелері мен әдіс-тәсілдері таныстырылды.
2026 жылғы 20 наурызда «Алтын бала» ЖШС базасында «Мектепке дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытындағы тәжірибелер ұсынылды.
2026 жылғы 22 сәуірде «Бақыт» шағын орталығы» ЖШС-де «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын және тілдік дағдыларын дамыту жолдары қарастырылды.
2026 жылғы 24 сәуірде «Балабақша-бөбекжай «Айым» ЖШС базасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын ойындар арқылы дамыту» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Қатысушыларға ойын технологияларын қолдану арқылы балалардың танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын дамыту тәжірибелері ұсынылды.
Өткізілген семинарлар педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, озық тәжірибелерді таратуға және білім беру ұйымдарында инновациялық әдістерді тиімді қолдануға мүмкіндік берді.