
2026 жылғы 1 маусым күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің оқу, шығармашылық, спорт және қоғамдық қызмет салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген дарынды оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараға Риддер қаласынан №2 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Иванова Яровлава мен №1 мектеп-лицейінің 11- сынып оқушысы Первутинская Анастасия қатысты. Кездесу барысында облыс әкімі талантты оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, Шығыс Қазақстан облысының намысын түрлі байқауларда, олимпиадалар мен жарыстарда абыроймен қорғағандары үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, оларға алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тіледі. Бұл кездесу өңірдің дарынды жастарының еңбегіне берілген жоғары баға әрі олардың одан әрі дамуына және жаңа белестерді бағындыруына серпін беретін маңызды оқиға болды. Ярослава республикалық пән олимпиадасының орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды, Анастасия республикалық ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде орыс әдебиеті секциясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, жоғары жетістіктері үшін марапатталды.
Осы жетістігінің нәтижесінде Ярослава мен Анастасияға ақшалай сертификат, мақтау грамотасы және беделді Дарын республикалық лагеріне жолдама табысталды. Қатысушыларымызды жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа зияткерлік жеңістер мен биік белестер тілейміз!
1 июня 2026 года аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов провёл встречу с одарёнными учащимися региона, добившимися высоких результатов в учебной, творческой, спортивной и общественной деятельности.
В мероприятии приняли участие учащиеся города Риддера: ученица 6 класса КГУ «Средняя школа №2» Иванова Ярослава и ученица 11 класса КГУ «Школа-лицей №1» Первутинская Анастасия.
В ходе встречи аким области поздравил талантливых школьников с их достижениями и выразил благодарность за достойное представление Восточно-Казахстанской области на различных конкурсах, олимпиадах и соревнованиях. Также он пожелал ребятам дальнейших успехов, новых побед и достижения поставленных целей.
Эта встреча стала высокой оценкой труда и достижений одарённой молодёжи региона, а также важным стимулом для их дальнейшего развития и покорения новых вершин.
Ярослава Иванова была награждена за завоевание III места на республиканском этапе предметной олимпиады по русскому языку и литературе, а Анастасия Первутинская — за II место на республиканском этапе конкурса научных проектов в секции «Русская литература».
За высокие достижения Ярославе и Анастасии были вручены денежные сертификаты, почётные грамоты и путёвки в престижный республиканский лагерь «Дарын». От всей души поздравляем наших участниц с яркими успехами и желаем им новых интеллектуальных побед, высоких достижений и дальнейших успехов!