
2025 жылғы 30 сәуірде "Мәдениет сарайы" КМҚК базасында ШҚО Жұмысшы кәсіптер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, ШҚО ББ "Риддер қаласы бойынша білім бөлімі" ММ-де "My PRO"облыстық кәсіптер фестивалі өткізілді.
Мақсаты-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, мектеп оқушыларына мамандық таңдауға жәрдемдесу.
Фестивальге ЖОО, өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Фестиваль барысында оқушылар мамандықтар туралы толық ақпарат алып, шеберлік сабақтарына қатысып, кәсіби диагностикадан өтті.