Турнир «Озық Ұрпақ»

Турнир «Озық Ұрпақ»

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы, "Риддер қаласы бойынша білім бөлімі" ММ «Группа Роботек» компаниясымен бірлесіп, 2025 жылғы 31 наурызда Риддер қаласында «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы базасында робототехника бойынша іріктеу турнирін өткізді. Турнир үш санат бойынша өтті: Роботек, Инверсиялық сызық бойымен жарыс және Робот-жеткізуші. Іс-шараның мақсаты – заманауи технологияларды меңгеру үшін жағдай жасау, инженерия, IT және инновациялық технологияларға қызығушылықты арттыру, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, олардың роботтарды бағдарламалау және жобалау дағдыларын бағалау және жетілдіру, сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыру және білім беруге заманауи әдістерді енгізу.
Турнир «Озық Ұрпақ» білім беру жобасы аясында өткізілді. Бұл жоба бойынша Риддер қаласындағы 8 мектепте робототехника үйірмелері ашылып, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілді.
Турнирге 7 жастан 17 жасқа дейінгі 31 оқушы қатысты.
Бағалау нәтижелері бойынша эксперттік қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар атанды:
I орын – Мұратбек Баян, Свахина Милана, «№2 орта мектеп» КММ оқушылары;
II орын – Усов Руслан, Баталов Богдан, «№10 орта мектеп» КММ оқушылары.
«Инверсиялық сызық бойымен жарыс» санаты бойынша:
I орын – Дидиченко Артём, Дидиченко Оксана, «№10 орта мектеп» КММ оқушылары;
II орын – Борзенкова Ева, Засыпкина Елена, «№2 орта мектеп» КММ оқушылары.
«Робот-жеткізуші» санаты бойынша:
I орын – Туғазы Заңғар, Қуанышұлы Абдрахман, «№16 орта мектеп» КММ оқушылары.
Турнир жеңімпаздары І, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Робототехника бойынша іріктеу турнирінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
І дәрежелі диплом иегерлері мамыр айында Астана қаласында өтетін Республикалық халықаралық «Robotek Grand Tournament 2025» чемпионатына қатысады.