GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Бөлім туралы
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
19 октября 2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА І ОРЫН!

2026 жылғы 15 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауы өтті.

Байқауда Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Орал қаласындағы №50 «Заңғар» бөбекжайының әдіскері Сарғойшина Нұрлы Жұбанғалиқызы жүлделі І орынды иеленді.

Бұл жетістік – педагогтің кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісінің нәтижесі.

Нұрлы Жұбанғалиқызын республикалық байқаудағы жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

16 октября 2026
ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 12 қазанда Орал қаласының білім беру бөлімінде профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандармен және тәуекел топтарына жататын балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі қалалық жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Қ.Е.Меңдіғалиевтің төрағалығымен өткізілген жедел кеңесте берілген тапсырмалар бойынша  ұйымдастырылды.

Отырыс барысында балалар суицидінің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмысты қайта форматтау, тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау, оларға уақтылы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және профилактика субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды.
          Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау, олардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету және қиын жағдайға тап болған балаларға дер кезінде көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдары, психологиялық қызметтер және мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әр баланың мәселесіне жеке көзқарас қалыптастыру — ортақ жауапкершілік.

13 октября 2026
«ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГІ» АТАҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Орал қаласында педагогтердің кәсіби қызметін қолдау және білім беру саласына қосқан елеулі еңбегін бағалау мақсатында «Орал қаласының құрметті педагогі» ерекшелік төсбелгісі тағайындалып келеді.

Конкурстық негізде берілетін бұл мәртебелі төсбелгі биыл жетінші рет табысталады. Биылғы байқауға 30 үміткер қатысып, өздерінің кәсіби жетістіктері мен білім беру саласындағы еңбектерін ұсынды.

29 қыркүйекте Орал қаласы әкімдігі жанындағы комиссия отырысы өтіп, байқау жеңімпазы анықталды. Нәтижесінде №42 «Ақ ниет» гимназиясының тарих пәні мұғалімі Назекет Наримановна Сатдыкова «Орал қаласының құрметті педагогі» атанды.

Жеңімпазға жергілікті ерекшелік белгісі бар «Орал қаласының құрметті педагогі» төсбелгісі, куәлік және 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ақшалай сыйақыға арналған сертификат табысталады.

Назекет Наримановнаны жоғары марапатымен құттықтаймыз! Еңбегіне толағай табыс, шәкірттеріне биік белестер тілейміз!

09 октября 2026
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҰСТАЗДАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

5 қазан – Мұғалімдер күні. Осыған орай «Атамекен» өнер ордасында «Ұстазға тағзым!» атты салтанатты жиын өтті. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев педагогтер мен білім саласының ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиында бір топ педагог ведомстволық наградалар, мерейтойлық медальдар, аймақ басшысы және облыс прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды. «Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі Орал қаласындағы Хиуаз Доспанова атындағы №30 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жеміс Қайыроваға табысталды. Оған 1 297 500 теңге көлемінде біржолғы сыйақы берілді. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өңірлік ұйымы да бірқатар педагогке сый-құрмет көрсетті.

01 октября 2026
«PRO-MANAGER: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ НӘТИЖЕ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

[11:55, 01.10.2026] Мерей пресса ГорОО: Орал қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, Ұстаздар күніне арналған қалалық онкүндік аясында 2026 жылғы 28–29 қыркүйек күндері №26 ЖОББМ базасында «Pro-Manager: Тәжірибе және Нәтиже» қалалық байқауы өтті.

Байқауға қала мектептері директорларының орынбасарлары қатысып, кәсіби шеберліктері мен басқарушылық құзыреттіліктерін танытты.

Байқаудың мақсаты – білім беру ұйымдарындағы директордың оқу-тәрбие және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларының кәсіби шеберлігін, басқарушылық құзыреттілігі мен зияткерлік әлеуетін анықтау, сондай-ақ озық және инновациялық іс-тәжірибелерін кеңінен насихаттау.

«Заманауи завуч – тиімді менеджер» бағыты бойынша:

І орын – №7 МГ оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Утепкалиева;

ІІ орын – №7 МГ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.В. Кекина.

«Эрудит-завуч: Интеллектуалды ринг» (логика мен эрудиция) бағыты бойынша:

І орын – ЭБГ әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Хайруллина;

ІІ орын – №7 МГ оқу ісі жөніндегі орынбасары И.Ф. Сагитова;

ІІІ орын – №38 МЛ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш. Кажимова;

ІІІ орын – №17 ЖОББМ әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Е. Есламгалиева;

ІІІ орын – №17 ЖОББМ оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А. Мажитов;

ІІІ орын – Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 ЖОББМ оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.И. Космуханбетова.

Байқау қатысушылардың кәсіби тәжірибе алмасуына, басқарушылық шеберліктерін жетілдіруге және тиімді іс-тәжірибелерін ортаға салуға мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң болды.
[11:55, 01.10.2026] Мерей пресса ГорОО: СОСТОЯЛСЯ ГОРОДСКОЙ КОНКУРС «PRO-MANAGER: ОПЫТ И РЕЗУЛЬТАТ»

В соответствии с планом работы методического кабинета отдела образования города Уральска, в рамках городской декады, посвящённой Дню учителя, 28–29 сентября 2026 года на базе общеобразовательной школы №26 состоялся городской конкурс «Pro-Manager: Опыт и результат».

В конкурсе приняли участие заместители директоров школ города, продемонстрировавшие профессиональное мастерство и управленческие компетенции.

Цель конкурса – выявление профессионального мастерства, управленческих компетенций и интеллектуального потенциала заместителей директоров организаций образования по учебно-воспитательной и учебно-методической работе, а также широкое распространение передового и инновационного опыта.

По направлению «Современный завуч – эффективный менеджер»:

І место – заместитель директора по учебной работе школы-гимназии №7 Г.А. Утепкалиева;

ІІ место – заместитель директора по воспитательной работе школы-гимназии №7 Г.В. Кекина.

По направлению «Эрудит-завуч: Интеллектуальный ринг» (логика и эрудиция):

І место – заместитель директора по методической работе ЭБГ А.Б. Хайруллина;

ІІ место – заместитель директора по учебной работе школы-гимназии №7 И.Ф. Сагитова;

ІІІ место – заместитель директора по воспитательной работе школы-лицея №38 Г.Ш. Кажимова;

ІІІ место – заместитель директора по методической работе ООШ №17 Г.Е. Есламгалиева;

ІІІ место – заместитель директора по учебной работе ООШ №17 А.А. Мажитов;

ІІІ место – заместитель директора по учебной работе ООШ №47 имени Кадыра Мырза Али Ж.И. Космуханбетова.

Конкурс стал важной профессиональной площадкой для обмена опытом, совершенствования управленческого мастерства и распространения эффективных практик среди заместителей руководителей организаций образования.

30 сентября 2026
ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мұғалімдер күніне орай және Орал қаласының білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Еңбек ері» атағының иегері Траисова Эльмара Асқарқызының қатысуымен жас педагогтерге арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жас педагогтерге тәжірибелі ұстаздың кәсіби жолын таныстыру, педагогикалық қызметтің маңыздылығын насихаттау және жас мамандардың кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру.

Іс-шара барысында Эльмара Асқарқызының өнегелі еңбек жолы, педагогикалық қызметі, кәсіби жетістіктері және білім беру саласына қосқан елеулі үлесі туралы айтылды. Тәжірибелі ұстаз өз қызметінде қалыптасқан құндылықтарымен бөлісіп, педагог мамандығының жауапкершілігі мен қоғамдағы маңызына тоқталды.

Жас педагогтер ұстаздың мол тәжірибесінен тағылым алып, кәсіби шеберлікті арттыру, педагогикалық қызметте өз орнын қалыптастыру және білім алушылармен тиімді жұмыс жүргізу бағыттары бойынша құнды пікірлер тыңдады.

Кездесу барысында жас мамандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі ұстазбен еркін пікір алмасты.

Тағылымды кездесу жас педагогтердің кәсіби көзқарасын қалыптастыруға, педагогикалық қызметке деген жауапкершілігін арттыруға және тәжірибелі ұстаздың өнегелі жолынан үлгі алуға мүмкіндік берген мазмұнды іс-шара болды.

09 сентября 2026
«ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГІ» АТАҒЫН БЕРУ КОНКУРСЫ

Орал қаласының білім беру ұйымдарындағы педагогтердің кәсіби еңбегін бағалау, педагог мәртебесін арттыру және оларды қолдау мақсатында «Орал қаласының Құрметті педагогі» атағын беру конкурсы өткізіледі.

📅 Конкурстың өтетін күні:
2026 жылғы 24 қыркүйек

📌 Конкурсқа Орал қаласындағы мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

📂 Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 18 қыркүйекке дейін

Қатысу үшін қажетті құжаттар — өтініш пен папка жинағы — Орал қаласының білім беру бөліміне ұсынылуы тиіс.

🏆 Конкурс қорытындысы белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында және Орал қаласының білім беру бөлімінің ресми парақшасында жарияланады.

Құрметті педагогтер!
Сіздерді кәсіби шеберліктеріңізді танытып, білім беру саласына қосқан үлестеріңізді көрсетуге мүмкіндік беретін конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!

08 июля 2026
ОРАЛ ҚАЛАСЫ «ҚОЛА БЕЛГІ» МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

2025–2026 оқу жылының ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша Орал қаласы Kundelik.kz электрондық журналын сапалы жүргізу көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасы бойынша ІІІ орынға ие болып, «Қола белгі» марапатымен наградталды.

Аталған марапат электрондық журналды сапалы жүргізу, білім беру ұйымдарында цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және білім беру үдерісін цифрландыру бағытындағы жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетеді.

Бұл жетістік – Орал қаласының білім бөлімі, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің бірлескен әрі жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Орал қаласының білім саласы қызметкерлерін осы айтулы жетістікпен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да сапалы білім беру мен цифрлық технологияларды тиімді енгізу бағытындағы жұмыстарыңызға толағай табыс тілейміз.

19 июня 2026
«ЖЕТІСТІК ШЫҢЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР»

2026 жылғы 17 маусымда Орал қаласының әкімі Мұрат Болатұлы Байменовтің қатысуымен білім беру саласындағы үздік жетістіктерді марапаттауға арналған дәстүрлі «Жетістік шыңындағы үздіктер» жыл қорытындысы өтті.

Салтанатты шара барысында өңірдің білім беру жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ұйым басшылары Батыс Қазақстан облысы әкімінің, Орал қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен, БҚО білім басқармасы мен Кәсіподақ ұйымының марапаттары салтанатты түрде табыс етілді.

2026 жылдың үздік білім беру ұйымдары:

«ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕП – 2026» - №42 «Ақ Ниет» гимназиясы

«ҮЗДІК ЖЫЛ МЕКТЕБІ – 2026» - №20 жалпы орта білім беретін мектебі

«ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ – 2026»- Оқушылар сарайы

«ҮЗДІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ – 2026»- №34 «Балбұлақ» бөбекжайы

«ҮЗДІК ЖЕКЕ МЕКТЕП – 2026 - Abyroi School

Үздік білім беру ұйымдары анықталып, жеңімпаздарға арнайы статуэтка мен 500 000 теңгелік сертификат салтанатты түрде табысталды. Номинация жеңімпаздары арнайы дипломдармен және 200 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.

Бұл марапаттар – сапалы білім мен саналы тәрбиені қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбек пен кәсіби шеберліктің, жаңашылдық пен тиімді басқарудың нәтижесі. Білім беру ұйымдарының жетістіктері – өңірдің зияткерлік әлеуеті мен жарқын болашағының кепілі.

Барша жеңімпаздарды жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

19 июня 2026
«ЖЕТІСТІК ФОРМУЛАСЫ: ДАРЫН, ЕҢБЕК, БІЛІМ»

Орал қаласы әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі өтті

2026 жылғы 12 маусым күні Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында «Жетістік формуласы: дарын, еңбек, білім» атты кездесу өтті. Іс-шараға Орал қаласының әкімі М.Байменов қатысып, халықаралық және республикалық ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген дарынды оқушылармен жүздесті.
Кездесуге білім мен ғылым саласында үздік жетістіктер көрсеткен 30 дарынды оқушы, олардың жетекші ұстаздары, мектеп директорлары мен ата-аналары қатысты. Шара барысында оқушылар өздерінің жетістіктері, ғылыми-зерттеу жұмыстары, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадалардағы жеңістері туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті. Сонымен қатар жастардың білім алуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған қолдау шаралары, дарынды балаларды ынталандырудың маңызы жөнінде пікір алмасу өтті.
Орал қаласының әкімі Мұрат Болатұлы дарынды жастардың жетістіктерін жоғары бағалап, олардың табыстары қаланың ғана емес, еліміздің мақтанышы екенін атап өтті. Білім мен ғылым жолындағы еңбектері үшін оқушыларға, олардың жетекші ұстаздарына және балаларының жетістіктеріне қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысын білдірді.
Дарынды оқушылар мен олардың жетекшілеріне Орал қаласы әкімінің Алғыс хаттары мен сый сертификаттары табысталды. Сонымен қатар оқушылардың жетістіктеріне қолдау білдіріп жүрген ата-аналар да Алғыс хаттармен марапатталды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы