Меню

Страницы

Статья

Жазғы демалысты ұйымдастыру

Білім беру бөліміне қарасты «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 3 айда 1500  оқушы демалады деп жоспарланды. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 400.

Демалысты ұйымдастырудағы басым бағыттардың бірі болып дарынды оқушыларды 50% ата-аналары есебінен демалыспен қамту есептеледі.  230 осы санаттағы оқушылар «Атамекен» лагерінде демалысын өткізеді.

Қаланың 50 мектебінде тамақтануы ұйымдастырылған  лагерлерде 5970 бала,  53 мектептегі тамақтану ұйымдастырылмаған лагерде 52650 бала  демалысын өткізеді деп күтілуде. 

 «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерінде 53 мектептен 1700 бала қамтылады деп күтілуде.  Бұл шатырлы лагерлерде туристтік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізіліп, оқушылар болашақта ғылыми жоба жарыстарына дайындық жүргізеді.

2011 жылдан бері  «Қайсар» патриоттық лагері жұмыс жасауда. 2025 жылы  бұл лагерде  мектепішілік бақылауда, жергілікті полицияның бақылауында тұрған және өмірін Отан қорғау ісіне арнағысы келген  230 ер бала өз демалысын өткізеді деп күтілуде. 

Сонымен қатар Боровое курорттық аумағындағы лагерлерде  жекеленген санаттағы отбасылардан 150 баланың демалысы және әр мектептен Астана қаласына осы санаттағы 53 оқушы, Шымкент қаласына 53 оқушы, Түркістан қаласына 53 оқушының экскурсиясы қарастырылады.

2025 жылға бюжджеттен 56077,0 мың теңге бөлінді.

Жалпы жазғы демалыспен қамту 95,8% құрайды деп күтілуде.

Дата публикации
15 мая 2025
Дата обновления
15 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
10 июля 2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша
Ақпарат
15 мая 2025
Жазғы демалысты ұйымдастыру
Ақпарат
15 мая 2025
Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бейнебақылау жүйелерімен, турникеттермен, дабыл түймелерімен және күзетпен қамтамасыз ету туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы