Орал қаласының білім беру бөлімі Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің шығып қалған мүшелері лауазымына орналасуға конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:
1. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі» ШЖҚ МКК (білім беру қызметі) – 1 мүше.
2. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімінің Эстетикалық бағыттағы гимназиясы» ШЖҚ МКК (білім беру қызметі) – 1 мүше.
3. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімінің Б. Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектебі» ШЖҚ МКК (білім беру қызметі) – 1 мүше.
Конкурс өткізу күні мен орны:
📅 05.05.2025 ж., сағат 11:00
📍 Орал қаласының білім беру бөлімі
📌 Мекенжайы: Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 145 үй
📮 Пошталық индекс: L01P2A0 (090006)
📞 Байланыс телефондары: 51-35-09, +7 708 766 80 22
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
02.04.2025 ж. – 02.05.2025 ж. аралығы.
📌 Құжаттарды қабылдау 02.04.2025 ж. басталады.
Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар:
Кандидаттарда жоғары білім және мына талаптардың біріне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі болуы қажет:
• білім беру саласында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;
• білім беру саласындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары) кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
• білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда).
2. Қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме.
3. Өмірбаян (еркін нысанда).
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
5. Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі.
6. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелерінен соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқ екенін растайтын құжаттар.