Меню

Страницы

Статья

Жазғы демалыс-2023. Қорытынды

Балалардың жазғы демалыс кезіндегі демалысы, бос уақытын және еңбекпен қамтылуының қорытындысы туралы

 Жазғы демалысты ұйымдастыруда білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «2020–2023 жылдардағы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы өкімін» басшылыққа алып,  сәйкесті жұмыстар жүргізеді.

Білім беру бөліміне қарасты «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 3 айда 1500  оқушы өз демалыстарын өткізді. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 400.

Демалысты ұйымдастырудағы басым бағыттардың бірі болып дарынды оқушыларды 50% ата-аналары есебінен демалыспен қамту есептеледі.  230 осы санаттығы оқушылар «Атамекен» лагерінде демалысын өткізді.

Орталыққа жаз айларында ақылы негізде 615 оқушы демалды.

Олар Орал қаласы, Ақсай қаласы, Бөкейорда, Жәнібек, Теректі, Сырым аудандары, Ақтөбе облысының Шалқар, Қобда аудандарынан, Атырау қаласы, Атырау облысы Индер ауданы, Ақтау қаласынан келді.

2023 жылы бюджеттен  18 млн 471 теңге жалпы «Атамекен» орталығында лагерді ұйымдастыруға бөлінсе, ал мектептерге «Атамекен» орталығында аз қамтылған отбасы және озат оқушыларды демалту үшін 22 млн 156 мың теңге бөлінді.

Қаланың 46 мектебінде тамақтануы ұйымдастырылған  лагерлерде 6700 бала,  50 мектептегі және 2 қосымша білім беру ұйымында (мектептен тыс жұмыс орталығы, Оқушылар сарайы)  тамақтану ұйымдастырылмаған лагерде 37655 бала  демалысын өткізді. 

Жетінші жыл қала мектептері жанындағы лагерлерде бағдарлы алаңдар жұмыс жасады. (Барлық мектептерде үш тілді оқыту алаңдары, интеллектуалдық алаңдар жоспарлы жұмыс жасады).

Он бірінші жыл қатарынан білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін ұйымдастырып,  жалпы демалыстың бұл түрімен 50 мектептен 1700 бала қамтылды.  Бұл шатырлы лагерлерде туристтік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізіліп, оқушылар болашақта ғылыми жоба жарыстарына дайындық жүргізеді.

2011 жылдан бері  «Қайсар» патриоттық лагері жұмыс жасауда. 2023 жылы  бұл лагерде  мектепішілік бақылауда, жергілікті полицияның бақылауында тұрған және өмірін Отан қорғау ісіне арнағысы келген  230 ер бала өз демалысын өткізді. 

Сонымен қатар міндетті жалпы білім беретін қор есебінен «Боровое» курорттық аумағындағы лагерлерде 147 оқушы, «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру лагерінде 13 оқушы демалса, Астана қаласына саяхатқа 117 оқушы, Алматы қаласына 43 оқушының саяхаты ұйымдастырылды.

 Жалпы жазғы демалыспен қамту 86,14 пайызды құрады.

Дата публикации
11 октября 2023
Дата обновления
11 октября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
10 июля 2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша
Ақпарат
15 мая 2025
Жазғы демалысты ұйымдастыру
Ақпарат
15 мая 2025
Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бейнебақылау жүйелерімен, турникеттермен, дабыл түймелерімен және күзетпен қамтамасыз ету туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы