Меню

Страницы

Статья

2022-2023 оқу жылына мектеп жасындағы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру

2022-2023 оқу жылына мектеп жасындағы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар

Қала мектептерінің әкімшілігі мектеп жасындағы оқушылардың  тамақтануын ұйымдастыру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Ережесі, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 ««Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы»  қаулысын негізге алып жұмыстанады.

БҚО білім басқармасының  2023 жылғы 3 сәуірдегі № 312 «Батыс Қазақстан облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы оқушылары үшін тамақтану ақысын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жекеленген отбасының 1-11 сынып оқушылары үшін 638 теңге есебінен жалпыға міндетті оқу қорына бөлінген қаржы шегінде тегін ыстық тамақ беру, 1-4 сынып оқушыларын 575 теңге есебінен ыстық тамақ ұйымдастырылып, мемлекеттік-жеке серіктестік келісім шартына сәйкес жыл сайын 4%-ға өсіріледі.

Мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру және сапалы және қауіпсіз тамақтандырумен қамтамасыз ету бойынша ережелер мен нормалардың сақталуын құрамына қала мектептерінің Қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті өкілдері, мектеп әкімшілігі, медбике енген мониторингтік топ (бракераж комиссиясы) қадағалалайды.

Ыстық тамақпен қамту мәселесі өзекті мәселе. Оның өскелең ұрпақтың жан-жақты дамып, қоғамның белсенді мүшесі болуы үшін атқаратын ролі ерекше. Балаларымыздың жасына сәйкес дамып, оқу үрдісінде бар күш-жігерін қолдана отырып жұмыстануы үшін, білім көрсеткішін жақсарту үшін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру жұмысы үнемі жүргізілуге тиісті.

         Қала мектептеріндегі ыстық тамақпен қамтылған білім алушылар саны – 43346 (73,9%). Соның ішінде тегін ыстық тамақпен қамтылған әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасыларындағы 1-11 сынып оқушылары – 1862. Тегін ыстық тамақпен қамтылған 1-4 сынып оқушылары – 26213.

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
05 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
10 июля 2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша
Ақпарат
15 мая 2025
Жазғы демалысты ұйымдастыру
Ақпарат
15 мая 2025
Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бейнебақылау жүйелерімен, турникеттермен, дабыл түймелерімен және күзетпен қамтамасыз ету туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы