Кәмелетке толмағандар және оларға жасалатын қылмыстық, құқықбұзушылық жай күйі және қабылданған шаралар

Кәмелетке толмағандар және оларға жасалатын қылмыстық, құқықбұзушылық жай күйі және қабылданған шаралар

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз, панасыз қалуының және қоғамға жат іс-әрекеттерінің алдын алу жөніндегі жұмыс қоғамның басым міндеттерінің бірі болып қала береді және оны білім бөлімі полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырады.

Білім беру бөлімі әр түрлі санаттағы балаларды әлеуметтендіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді.

Әртүрлі санаттағы балалардың өмір сүру жағдайларын зерделеу мақсатында қала мектептері 2022-2023 оқу жылы басталғаннан бері 2328 отбасына барды.

Оқу жылының басында әлеуметтік паспорттар құрылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар және сынып жетекшілер қолайсыз отбасылардың үйлерін аралау жұмыстарын жүргізді.

Есепте тұрған барлық оқушыға тәлімгер тағайындалған.

Ата-ананың келісімімен 14 оқушы мектеп психологінің көмегін алған, 8 оқушы «Жас ұрпақ» орталығында психологтялық көмек алған.

Учаскелік инспекторлар мектеппен үнемі байланыста.

18 оқушы спорттық секциямен қамтылған.

3 оқушы үйірмеге қатысады.

1 оқушы диагнозыга байланысты қатыспайды.

1 оқушы қалалық деңгейдегі байқауларға қатысқан.

Мәдени-спорттық бұқаралық шаралармен толық қамтылған (апта сайын жұма күні білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін шараларға тартылады).

4 мектеп бітіретін оқушыға кәсіптік бағдар жұмысы жүргізілген.

2 оқушы математика және ағылшын тілінен қосымша сабақ алады.

Үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен біріккен шараларға 4 оқушы қатысқан.

Полиция басқармасының есебінде және мектепішілік бақылауда тұрған қауіп-қатер тобындағы балалармен тұрақты түрде жеке жұмыс жүргізіледі. Күні бүгін қала мектептері тәлімгерлік жұмыс бағытын (наставничество) қайта жандандыруда, яғни түрлі санаттағы оқушыларға мектеп әкімшілігі, педагогтары тарапынан тәлімгер бекітіліп, әлеуметтендіру, бос уақытын қамту жұмысын белсендіріп, қызығушылығы бойынша пәндерді оқытуға назар аударуда.  

Квартал сайын полиция басқармасынан медициналық-әлеуметтік есепте тұрған отбасылардың тізімі келеді. Тізім келгеннен кейін, осы тізімде бар мектептерге жолданып, ол мектептер нақтылап, әр балаға тәлімгерлер тағайындап, міндетті жалпы білім беру қорынан және демеушілер есебінен қажет болған жағдайда көмек көрсетіледі. Сондай-ақ қосымша біліммен қамтиды және қажеттіліктеріне байланысты пәндерден қосымша оқуына пән мұғалімдерін де тәлімгер етіп тағайындап, оқуына көмектеседі.

Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері учаскелік инспекторлармен, медицина қызметкерлерімен бірлесіп, ата-аналар мен кәмелетке толмағандарды құқықтық ағарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Балаларға тұрақты әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған жағдайды тудыру мақсатында білім беру бөлімі оқушылардың бос уақытын қамту, әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, ортаға бейімдеу, әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне, ішкі потенциалын ашуға көмектесу үшін әр аптаның жұма күні түрлі мәдени орындарға апару, бұқралалық  шараларға тарту жұмысын жүргізуде. (театрға апару, Оқушылар сарайы, мектептен тыс жұмыс орталығы, «Атамекен» орталығының үйірме, секцияларына апарып шеберлік сыныптарын өткізу, түрлі сала мамандары және жетістікке жеткен тұлғалармен кездесулер).

 Бұл бағыттағы жұмысқа  ата-аналарымен бірге қатысу қарастырылған. Оқу жылы бойы ювеналдық полиция қызметкерлерімен түрлі бағыттағы біріккен шаралар жүргізіліп, 7000 ата-ана қамтылды.  

Ақпан айында әкелер айлығы оздырылып, 5600 әкенің қатысуымен тәрбиелік шаралар өткізілді.

2022-2023 оқу жылында «Болашағың өз қолыңда!» шаралар сериясы ұйымдастырылып, жоғары сыныптың ер балаларымен облыстық мәслихат депутаты, волонтерлар, үздік спортмендер, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің бірнеше кездесуі өткізілді. Бұл шаралар барысында спикерлер кәмелетке толмағандарға құқық нормалары, заң алдындағы жауапкершілік және қазіргі таңда нашақорлар арасында көп қолданылатын трамадол дәрісінің таралу проблемасы және т.б. туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, зиянды әрекеттер аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт-бағдар берді. Барлығы 8 бұқаралық шара ұйымдастырылып, 2300 ер бала қатысты.

Қыркүйек-қараша айы бойы Мектептен тыс жұмыс орталығы және қаланың барлық мектептерінде облыстық психикалық орталығының жоғары санатты психиатр-нарколог маманы Нұрлан Фатихоллаұлы Сатановпен «Маман кеңес береді» тақырыбында зиянды әрекеттерден аулақ болу, нашақорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел, кездесулер өткізіліп, 2000 жоғары сыныптың ер балалары қамтылды.

Наурыз айында «Талап, еңбек, терең ой...» тақырыбында әр салада кәсіби жетістікке жеткен, өнегелі ісімен үлгі боларлық азаматтарымен тәрбие бағытында ой қозғайтын жұмыс алаңы жүргізіліп, 1700 жоғары сынып оқушысы қамтылды.

2023 жылдың 28 ақпанында қала мектептерінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің бала тәрбиесіне көңіл бөліп қарауын жақсарту мақсатында «Әке – отбасының алтын діңгегі» форумы өткізілді. Форумға қала әкімінің орынбасары М.Нұржанов, қала мектептерінен 108 әке қатысты. Форум соңында қалалық әкелер ассоциациясы құрылып, мақсат-міндеттері айқындалып, жұмыс жоспары бекітіліп, қазіргі уақытта мектептердегі тәрбие жұмысына қатысуда.

Қараша айында қалалық прокуратураның прокуроры Әлия Халелова мен полиция басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»  Қазақстан Республикасының Заң нормаларын түсіндіру бойынша кездесулер өткізіліп, 50 мектепте жоғары сыныптың 1890 оқушысы қамтылды.  

2023 жылдың 3 сәуірі күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін Орал қаласы полиция басқармасының ювеналдық бөлімшесі бастығы М.Куспановамен біріккен жиналыс оздырылып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектептердің жұмысы тыңдалып, алдағы уақыттағы жұмыс бағыты талқыланды.

Барлық қала мектептерінде сәуір айы бойы полиция басқармасы өкілдерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізіліп, сабақтан тыс уақыттағы балалардың қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.

10, 11, 12  мамыр күндері қала мектептерінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 9-11 сыныптар үшін ҚР бас прокуратурасының  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасының өкілдері Комитеттің ақпараттық сервистерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді.

Профилактика-2023
Дата публикации
13 октября 2023