
2024 жылдың 2 ақпан күні Семей қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: «Мерейлі ұстаз» жобасы және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу міндетіне сәйкес қаламгеріміздің шығармашылығын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі тұтып, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, пән мұғалімдерінің құзіреттіліктерін арттыру. Байқауда қатысушалар Мағжан Жумабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова шығармашылығынан өлең мәнерлеп оқыды. Байқауға Курчатов қаласынан Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№3 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекбаева Мөлдір Тоқтарханқызы қатысты. Байқауда Мөлдір Тоқтарханқызы Фариза Оңғарсынованың «Мен сонда жылап қалғам» өлеңін орындады. Байқаудың қорытындысы бойынша Мөлдір Тоқтарханқызы сертификатқа ие болды. Мөлдір Тоқтарханқызын жетістігімен құттықтаймыз!
2 февраля 2024 года в городе Семей состоялся областной конкурс чтецов среди учителей казахского языка и литературы. Цель конкурса: пропаганда творчества писателя в соответствии с задачей проекта «Мерейлі ұстаз» и программы «Біртұтас тәрбие» по воспитанию уважения к национальному наследию, уважения к казахскому языку, обеспечение их нравственного жизненного пути подрастающему поколению, повышение квалификации и профессионального мастерства педагогических работников, повышение компетентности учителей-предметников. Участники конкурса выразительно прочитали стихотворение из творчества Магжана Жумабаева, Султанмахмута Торайгырова, Толегена Айбергенова, Мукагали Макатаева, Фаризы Онгарсыновой. В конкурсе из города Курчатов приняла участие учитель казахского языка и литературы КГУ «Средняя школа №3» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай Бекбаева Мөлдір Тоқтарханқызы. На конкурсе Мөлдір Тоқтарханқызы исполнила стихотворение Фаризы Онгарсыновой «Мен сонда жылап қалғам». По итогам конкурса Мөлдір Тоқтарханқызы был вручен сертификат. Поздравляем Мөлдір Тоқтарханқызы с достижением!