Курчатов қаласында төрт жалпы білім беретін орта мектеп жұмыс істейді.
2024-2025 оқу жылында «Алтын белгі» - 6 түлек, үздік аттестатқа – 9 түлек.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 61% құрайды.
Жалпы білім беретін мектептерде 1-4 сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтары оқушылары үшін тегін ыстық тамақ (100%) ұйымдастырылды.
Тасымалдау мектептер жұмыс істемейтін 2 елді мекеннен (Дегелең станциясы, Молдар ауылы) жалпы білім беретін мектептерге жүзеге асырылады. Оларда мектеп жасындағы балалар – 36, олар күнделікті мектеп автобусымен тасымалданумен қамтамасыз етілген.
Білім беру ұйымдарында балалар үшін қауіпсіз жағдайлар жасау мақсатында барлық жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі мекемелер мен қосымша білім беру мекемелері бейнебақылау жүйелерімен, дабыл түймелерін орнатумен және турникеттердің жұмыс істеуімен, мамандандырылған күзет қызметімен және дауыстық ескертумен жабдықталған.
Ағымдағы жылы Курчатов қаласының білім беру ұйымын материалдық жабдықтау сапасын арттыру мақсатында өткізілген жұмыстар:
Мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кедергісіз қол жеткізу жағдайларын жасауға көп көңіл бөлінеді.
2025 жылы № 1 ЖББОМ, № 3 ОМ, № 4 ЖББОМ ғимараттарды бейімдеу бойынша ағымдағы жөндеу жүргізілді. (3 ОМ-15 173 063 теңге сомасы; 1 ЖББОМ - 4 950 227 тенге сомасы; 4 ЖББОМ-14 097, 4 мың теңге сомасы.