ЖАС САҚШЫ» – ЕЛ ҚОРҒАНЫ БОЛАР ЖАС ҰРПАҚ!

ЖАС САҚШЫ» – ЕЛ ҚОРҒАНЫ БОЛАР ЖАС ҰРПАҚ!
ЖАС САҚШЫ» – ЕЛ ҚОРҒАНЫ БОЛАР ЖАС ҰРПАҚ!
🛡️ 2026 жылғы 16 қазанда Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешенінде Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Нүптіғали Сейтжановтің есімі берілген «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🎖️ Іс-шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы, полиция полковнигі Батырхан Қайырханов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева, ардагердің ұлы Гаммат Сейтжанов, ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
🤝 Жиында жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаттарын құрметтеуге баулу мәселелеріне мән берілді. Қонақтар ізгі тілектерін білдіріп, жас сақшылардың бастамасына қолдау көрсетті.
🎗️ Шараның маңызды сәттерінің бірі – жас сақшылардың салтанатты түрде уәде қабылдауы болды. Полиция сыныбына 7-сыныптан 11 оқушы қабылданды. Оқушылар өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезініп, Отанға адал қызмет етуге, тәртіп пен заң талаптарын құрметтеуге ниет білдірді. Сонымен қатар жас сақшылардың туы табысталып, полиция сыныбының лентасы қиылды.
🎶 Мерекелік бағдарлама патриоттық әндермен және «Атамекен» әнін орындаған хордың өнерімен жалғасты.
🌟 «Жас сақшы» полиция сыныбының ашылуы – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты, азаматтық жауапкершілікті және құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
👏 Жас сақшыларға берген уәделеріне адал болып, ел сенімін ақтайтын, Отанын сүйетін азамат болып қалыптасуларына тілектеспіз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!