ЖАС ПСИХОЛОГ» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ЖАС ПСИХОЛОГ» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«ЖАС ПСИХОЛОГ» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
✨ Психологияны таныған ұрпақ – өзін де, өзгені де түсіне білетін ұрпақ!
📚 2026 жылғы 19 қазанда мектеп оқушылары арасында «Жас психолог» аудандық байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың психологиялық білімін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыру, эмоционалдық сауаттылығын дамыту және өзіндік сана-сезімі жоғары, үйлесімді тұлға қалыптастыруға ықпал ету.
💡 Байқау барысында қатысушылар психология ғылымына деген қызығушылықтарын танытып, өзін-өзі тану, қарым-қатынас мәдениеті, эмоцияларды түсіну және тұлғалық даму бағытындағы білімдері мен дағдыларын көрсетті. Мұндай бастамалар оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және психологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
🏆 БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
🥇 І орын
* Джасұлан Аяжан – 11-сынып оқушысы, А.Байтұрсынұлы атындағы МБК. Жетекшісі: Ахметова Г.С.
🥈 ІІ орын
* Серік Ару – 10-сынып оқушысы, Ақпәтер ЖОББМ. Жетекшісі: Сердалиева Л.Б.
* Қуан Еркенұр – 10-сынып оқушысы, Қараөзен мектеп-лицейі. Жетекшісі: Кабиева А.М.
* Жұмағали Айару – 8-сынып оқушысы, Г.Бегалиев атындағы ЖОББМ. Жетекшісі: Каримуллина С.Ғ.
🥉 ІІІ орын
* Серікқалиқызы Зере – 7-сынып оқушысы, Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ. Жетекшісі: Қаженова С.Н.
* Насибуллина Асылзада – 10-сынып оқушысы, Талдыапан ЖОББМ. Жетекшісі: Кабдықаликова Н.М.
* Маратова Айымжан – 6-сынып оқушысы, Қайыңды ЖОББМ. Жетекшісі: Мурзасенова С.М.
🌟 Алғыс хат иегерлері
* Өмірзақ Тұрсынбек – 5-сынып оқушысы, Әбіш НОМ. Жетекшісі: Жапақова Л.А.
* Нұретова Айлана – 6-сынып оқушысы, С.Есетов атындағы МБК. Жетекшісі: Сейтмағамбетова Г.Т.
* Мұхтар Гүлсезім – 8-сынып оқушысы, Жас НОМ. Жетекшісі: Темірболатова Б.Б.
👏 Байқауға қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін танытқан барлық оқушыларға, олардың жетістігіне бағыт-бағдар берген жетекшілерге алғыс білдіреміз!
🌱 Әрбір баланың жан дүниесін түсіну, өзіне сенімділігін арттыру және тұлғалық дамуына қолдау көрсету – жарқын болашаққа бастар маңызды қадам.
Жас психологтардың ізденісі артып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! 🏆