АЛТЫ ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІНІ» КЕУДЕСІНЕ ТАҚТЫ

АЛТЫ ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІНІ» КЕУДЕСІНЕ ТАҚТЫ
Биыл аудан бойынша 108 оқушы мектепті аяқтап, үлкен өмірге қадам басуда. Ұлттық Бірыңғай тестілеуді ойдағыдай тапсырып, өздерінің қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орнына түседі. Биыл аудан мектептерін 108 оқушы аяқтаса, соның 6-ауы «Алтын белгі» белгісінің иегері атанды. Осы орайда бүгін аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы «Алтын белгі» иегерлерін, олардың ата-аналары мен ұстаздарын қабылдады.
Сөз алған аудан әкімі:
- Ағымдағы оқу жылының аяқталуымен баршаңызды құттықтаймын. Бүгін мектеп бітіруші түлектеріміздің арасында 6 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып отыр екен. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Сонымен қатар аталған оқушылардың ата-аналары мен ұстаздарын да құттықтаймын. Себебі бұндай жетістікке жетуге сіздердің де үлестеріңіз зор. Түлектеріміздің жолдары әрқашан ашық болып, алға қойған арман-мақсаттары орындалсын,- деп оқушыларға «Алтын белгі» белгісін кеуделеріне тағып, естелік сыйлық табыстап, сәттілік тіледі. «Алтын белгі» иегерлерін атап өтсек, Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлектері Ибраева Ақеркем, Искак Адина, Таскалиева Аймгуль, А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлектері Ермуханова Ақбөпе, Діңғали Назым, Салимжан Батырбек марапатталды.
Сонымен қатар аудан басшысы түлектердің ата-аналарына, атап айтсақ Ибраев Нурбол және Курмангужиева Асемгуль, Садыков Нурлан және Бекжанова Алтынзер, Тулешов Темирболат және Тулешова Асемгуль, Жайлаубаев Аблайхан және Жайлаубаева Бакытжамал, Абулкаиров Кадырғали және Абулкаирова Асель, Кужаниязов Асланбек және Черниязова Динараға өз атынан алғысхат пен гүл шоқтарын табыстады.
Өз кезегінде ата-аналар атынан Салимжан Батырбек анасы мен Искак Адина сөз алып, жылы лебіздерін білдірді.