Жазғы демалыс-2023. Қорытынды

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ  ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

             ҚР БжҒМ  2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығын басшылыққа ала отырып, жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау, балалардың қадағалаусыз қалуының, құқықбұзушылығы мен қылмыс жасауының алдын-алу, жазғы каникул кезеңінде балалардың денсаулығын нығайту, қауіпсіздігі мен шығармашылығын дамыту мақсатында  оқушыларды   лагерьмен  қамтамасыз етеді.   Лагерьге аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған патронаттық тәрбиедегі  отбасы балаларын қамтуға  басымдық беріледі. 

Ағымдағы   жылдың тамыз айында  Түркістан  қаласына 20 оқушы және Астана   қаласына 25 оқушы қаланың  көрікті мәдени ошақтарына  3 күндік саяхат  жасады.

«Қазақстан  халқына»  қоғамдық  қорынан  5-8 сыныптың   оқу   үздіктері арасынан  25  оқушыға  Орал  қаласына «Евразия»   жазғы  демалыс  лагеріне  10 күндік  жолдамамен  демалып келді.

Аудан  бойынша  1-10 сынып  оқушылар саны -1948 болса, жазғы  демалысын  белсенді  өткізіп  лагерьмен, экскурсиямен  1684 оқушы  қамтылды, пайыздық  көрсеткіші -86 құрайды.

   Ауданға  қарасты 14 мектеп жанындағы   лагерьде  - 1354 оқушы  қамтылды.

Мектеп жанындағы  лагерьлер ағымдағы   жылдың  маусым  айының  5-нен   басталып, бір мезгілдік тамақтандырумен ұйымдастырылды. Әр кезеңі бір аптадан жүргізіледі. Демалыс кезеңдері барысында түрлі танымдық- тағылымдық іс-шаралар, спорттық жарыстар, робототехникамен жұмыс, таза ауада кітап оқу акциялары, аудандық тарихи- өлкетану музейіне саяхат, рәміздер күніне арналған апталықтар, қызықты ойындар мен зияткерлік сайыстар, денсаулық, өмір қауіпсіздігін сақтау бағытындағы дәрігерлермен, учаскелік полиция, төтенше жағдай мекемесі мамандарымен кездесулер, флешмобтар мен тақырыптық суреттер көрмесі, таңғы жаттығулар, психологиялық тренингтер ұймдастырылды.

Аудандық «Достық» шатырлы лагері  3 кезеңге 20 баладан жалпы 60 бала  қамтылып, Жаңакүш ауылы маңындағы су қоймасы маңында ұйымдастырылып,  Жымпиты, Қаратөбе   бағытында  «Бөкенбай  батыр  ізімен»  танымдық   экспедиция  жүріп  өтті.

Далалық шатырлы лагерь оқушылардың, туристік-өлкетану және экскурсиялық, дене шенықтыру-сауықтыру қызметтерін, табиғатты қорғау және экологиялық жұмыстарын, балалар мен жасөспірімдердің бірлескен еңбегі мен демалысы үшін қажетті жағдай жасайды.

 

 

 

Балалардың жазғы демалысын тиімді де мазмұнды ұйымдастыру мақсатында «Арай» жазғы демалыс лагері 5 кезеңде  әр кезеңінде 40 оқушыдан, барлығы 200 оқушыны қамтылды. 

 

Дата публикации
17 октября 2023