Тәрбие жұмысы

 

Тәрбие жұмыстары жүйесін білім беру ұйымының жалпы ұжымы бірігіп жүзеге асырады. Аудан бойынша мектептерде тәрбие жұмысын үйлестіретін мамандар саны -222, оның ішінде мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары -16, аға тәлімгер-13, сынып жетекші-193. Тәрбие орынбасарларының ішінде 15 маман – жоғары білімді, 1 маман- арнаулы орта білімді. 7 маман ІІІ санатты, 9 маман санат алмаған. Аудан бойынша тәрбие орынбасарларына арналған 2 семинар, 6 қашықтықтан вебинар өткізілді. Тәлімгерлерге 2 қашықтықтан вебинар өткізілді.  Облыстық семинарға тәрбие саласы бойынша 12 маман қатысты. Оның ішінде 1 маман облыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу: тәжірибе, мәселелер және шешу жолдары» атты семинарда  Шыңғырлау ЖОББМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Султангалиева А.Б. өз іс тәжірибесімен бөлісті. Осы оқу жылында өз озат іс-тәжірибелерін Шыңғырлау ЖОББМ-нің тәрбие орынбасарлары Султангалиева А.Б. және Сисенова Б.С. «Z ұрпақ өкілдерін кәсіби бағдардың заманауи әдістері» тақырыбында таратты. Оқу жылы бойынша басқа тартушы ДТЖО, тәлімгерлер, сынып жетекшілер болмады.

  Қазіргі таңда тәрбие жүйесіндегі бірқатар проблемалар бар:

-  балалар мен оқушы жастардың сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет-сайттарға бағдарлануы;

- қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі;

-  еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;

- отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;

- әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т.б.

Осы өзекті проблемаларды шешу мақсатында  Орал қаласының білім беру бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру жұмысы ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 жылғы   № 472 бұйрығы негізінде құрылып, жалпыадамзаттық құндылықтарды құрайтын 8 бағыт бойынша жүргізілді.

 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбексүйгіштікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

 

Барлық аудан  мектептерінде құқықбұзушылықтың алдын-алу, балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін  «Адал Ұрпақ», «Наркобекет»,  «Жас жол сақшысы», «Жас құтқарушы» клубтары, «Аналар», «Әжелер», «Әкелер» мектептері белсенді түрде жұмыс жүргізуде.

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз, панасыз қалуының және қоғамға жат іс-әрекеттерінің алдын алу жөніндегі жұмыс қоғамның басым міндеттерінің бірі болып қала береді және оны білім бөлімі полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырады. Білім беру бөлімі әр түрлі санаттағы балаларды әлеуметтендіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді. Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері учаскелік инспекторлармен, медицина қызметкерлерімен бірлесіп, ата-аналар мен кәмелетке толмағандарды құқықтық ағарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді және бұл жұмыстар интернет желісінде және ресми сайттарға жарияланады.

Ащысай МББК мен Амангелді НОМ ұйымдастыруымен ақпан айында аудан бойынша әкелердің қатысуымен «Әкеге қарап ұл өсер» атты әкелер форумы және наурыз айында Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің ұйымдастыруымен «Әйел отбасында шуақ, қоғамда тірек» атты аналар форумы өткізілді. Шыңғырлау ЖОББМ-нің ұйымдастыруымен аудан көлемінде ұстаздар, оқушылар және ата-аналардың қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара және 9 мамыр-Ұлы жеңіс мерекесіне орай «Ұрпаққа ұран болған-Ұлы жеңіс» атауымен концерт өтті. Барлық мектептер атаулы мерекелерге арналған іс-шаралардың өтуіне атсалысып, өткізген іс-шаралар әлеуметтік желілерге орналастырылды. Келесі оқу жылында  жалғасын табады.

    Осы оқу жылында  аудан көлемінде 17 байқау өткізілді. Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алып, бірқатар оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Барлық білім беру мекемелерінде оқу жылының басында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмысының жұмыс жоспары құрылып, клуб мүшелері бекітілді. Жоспар бойынша оқушыларға жақсы біліммен қатар әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңыздылығы туралы түсіндіру мақсатында тұрлі шаралар жыл бойы өткізіледі. Соның ішінде  барлық білім беру мекемелерінде «Адал ұрпақ- жарқын болашақ» атты  бірыңғай адалдық сағаты ұйымдастырылды.Сонымен қатар, оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол таңдауына ықпал ету, адал еңбекпен нан тауып, оқушылардың қоғамдағы өзгерістерге назарын аудара отырып, азаматтық позициясын қалыптастыру мақсатында түрлі салаларда табысқа жеткен тұлғалармен кездесулер өткізілді.  «Дара тұлға» атауымен айтыскер ақын, сазгер Меңдіқұл Орынбек Нұрболатұлымен кездесу кеші Шыңғырлау ЖОББМ және Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің 8-10 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында құнды мағлұматтар беріліп, оқушыларды әрқашан адал болуға шақырды. Шыңғырлау ЖОББМ оқушыларымен ауданымыздың ардагер ұстаз, ауданымыздың белді азаматы, ақын  Шотпанов Адақ Танабайұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп,  оқушыларға құнды мағлұматтар берілді. Шара сонында оқушыларымызға игі тілегін арнап, әрқашан тек шындыққа биім болуға шақырып, батасын берді.

          Сәуір айының 27-і күні аудан бойынша барлық білім беру мекемелерінің «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының қатысуымен «Бәріміз адалдық үшін» атты слет өткізілді. Слетке аудан бойынша мектептерден 120 жоғары сынып оқушысы қатысты.

 

Аудан мектептерінің «Жас ұлан» ұйымы белсенділері, мектеп педагог-еріктілерінен жасақталған 110 адам орталық саябақтарда, балалар ойын алаңында, сауда орталықтарында аудан тұрғындарына бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемалары және балаларды сатуды алдын алу бойынша 7, 8, 9 маусым күндері жадынамалар, үндеухаттар таратты. 9 маусым күні «Балалардың игілігі үшін!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Республикалық акция асында «Арай» жазғы сауықтыру лагерінің демалушыларына «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны тұжырымдамасына сәйкес суреттер конкурсы, дебат ойыны, түсіндіру жұмыстары  ұйымдастырылды.

Дата публикации
17 октября 2023