Шыңғырлау ауданының білім беру мекемелерінде АІІБ бірлескен жұмыс жоспары құрылып, екі жақты басшылықпен бекітілді. Құқықтық нормативтік қамтамасыз ету мақсатында құқықтық база жасақталып, мектептерде құжаттар картотекасы жинақталды. Тәрбие орынбасарлары, педагог-псхологтар,кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардан фокус топ құрылып, бірлескен екі жақты жоспар құрылды. Осыған орай ауданымыздың барлық білім беру ұйымдарында төмендегі алгоритм бойынша құқықтық тәрбие беру жұмыстары жүргізілуде.
Өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін қиын жағдайда қалған жасөспірімдерді анықтау мақсатында оқушылар мен ата-аналармен 16 жеке әңгіме сағаты жүргізіліп, 24 тұлға жеке кеңес алды. Тоқсанына 1 рет агрессия деңгейін төмендететін тренингтік сабақтар өткізіліп шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп психологтары сынып жетекшілермен бірлесіп 13 білім ұйымында сауалнама өткізіліп, нәтижесінде қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан, құқықбұзушылық әркеттеріне бейім оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатынды қосымша білім беру ұйымдарына роботатехника, бейнелеу өнері, спорттық бағдарлау, жаяу туризм үйірмелеріне және мектептерде жүргізіліп жатқан спорттық үйірмелерге тартылды. КТІЖ инспектор және мектеп әкімшілігінен құрылған арнайы топ мүшелері ай сайын рейдтер және жайсыз отбасылардың тұрмыс жағдайларын анықтау жұмыстарын атқарады.
Білім беру мекемелерінде ішкі профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмаған оқушылар 2022-2023 оқу жылында анықталмады. Оқушылармен алдын алу жұмыстары әр білім беру мекемелерінің және АІІБ басшылығына алынып, шаралар уақытылы өткізілуде.
Мектептерде қараша айында «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік аясында мектептің әлеуметтік педагогтердің ұйымдастыруымен, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік іске асыратын іс-шаралар туралы хабардар ету мақсатында көп балалы аналармен және оқушылармен «Бақытты ана-бақытты бала – бақытты ел» тақырыбымен кездесулер ұйымдастырылды. Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында "Менің құқықтарым-менің міндеттерім" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Құқықтық қатынастар туралы оқушылардың сауаттылығын арттыру, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 8-10 сынып оқушылары «Құқығым бар» тақырыбында эссе жазды. Мектеп психологтары 5-7 сынып оқушыларына "Құқығым бар" тренингін жүргізіліп, "Біз тәуелсіз елдің ұланымыз" атауымен флешмоб өткізілді. Сонымен қатар ата-аналар мен оқушыларға арналған психологиялық тренингтер өткізілді. Мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, құқық және тәртіп фракциясының жетекшілері «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында балалардың құқықтарын және Бала құқықтары туралы Конвенцияның баптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құқықтық тәрбие беру, өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында "Мен және менің құқығым" тақырыбында пікірсайыс турнирі өткізілді. Адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары арасында «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында онлайн суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, адамгершілікке, елжандылыққа үйрету мақсатында «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндік аясында 1-4 сынып оқушыларына «Әр баланың құқығы бар» атты сурет көрмесі білім мекемелерінде өтті. Құқық ұғымы, құқықтың қоғам өміріндегі рөлі, құқықтық қатынастар туралы оқушылардың сауаттылығын арттыру, жасөспірімдерді құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында аудан мектептерінде АІІБ КТЖ инспекторы М.А.Усмангалиевамен кездесу ұйымдастырылды.Сонымен қатар ауылдық мектептерде "Бала құқығы-адам құқығы" апталығы аясында оқушылардың құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,құқықтық тәрбие беру мақсатында 5-7 сынып оқушыларына "Құқығым бар" тренингін жүргізіліп, "Біз тәуелсіз елдің ұланымыз" атауымен флешмоб өткізілді. Сенім жәшігі,сенім телефонының жұмысы туралы ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Сенім жәшігі мен телефон жұмысының басты міндеттері:өтініштерді қарау, тиісті шара қабылдау, соның ішінде аталған мәселелерді қарауға және заңнамада белгіленген шара қолдануға құзыретті мемлекеттік органдарға жолдау болып табылады
Білім басқармасының 30 желтоқсандағы №3-14/6587 хатының негізінде, Әділет, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Ішкі істер министірліктері мемлекеттік органдардың қызмет бағыттары бойынша енгізген ұсыныстары негізінде әзірленген 2030 жылға дейін «Қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар қабылдау, атап айтқанда, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында құқықтық мәдениет негізін қалыптастыру бойынша жүйелі және өзара байланысты жұмыс жүргізу туралы» бірлескен бұйрығы негізінде мектепішілік жоспар құрылып, мектептер жұмыстануда.
Сонымен қатар құқықбұзышылықтың алдын-алу кеңесі құрылып, білім беру ұйымдарында өз қызметін жалғастыруда. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар, жоғары сынып оқушылары, мектеп инспекторынан құрылған кеңестің бұйрығы шығарылып, ережеге сәйкес мақсат-міндеттері айқындалды. Кеңес 13 білім беру ұйымында жұмысын жүргізіп, тоқсанына 1 рет отырыс өткізеді. Мектепішілік кеңес шақырылған оқушылармен жұмыс жасап, түзету түсіндіру шараларын іске асырады, құқықбұзышылыққа әкелуші себептерді анықтап жыл соңында саралау-талдау мониторингін жүргізіп, жылдық қорытынды сараптамасын педагогикалық кеңесте ұсынады. Нәтижесінде 2020-2021 оқу жылында ІІБ аудан бойныша 7 бала есепте тұрса. 2021-2022 оқу жылында аталған балалар есептен шығарылып, жаңадан тіркелген оқушылар болмады. Осы оқу жылында мектепішілік кеңеске сабақтан себепсіз қалу, кешігу, мектеп мүлкіне ұқыпсыздықпен қарау мәселелері бойынша аудан бойынша 6 оқушы 3 айға есепке койылып, оқу жылы соңында есептен шығарылды. Аталған кеңестің ықпалынан ата-аналардың білім беру ұйымдарымен қарым-қатынасы нығая түсті. Құқықтық кеңес құрамындағы ата-аналар ықпал ете отырып, білім беру ұйымдарындағы ата-аналардан құрылған клубтар жасөспірімдердің құқықбұзушылықтың алдын алу шараларына атсалысты. Мәселен, «Біздің ұранымыз тәртіп» акциясы ұйымдастырылып полиция бөлімінде жұмыс жасайтын ата-аналар сынып сағаттары мен дәріс сабақтар өткізді. «Әкелер», «Аналар», «Аталар», «Әжелер» клубтарының отырыстарында бала тәрбиесіндегі құқықтық сауаттылық пен тәртіп мәселесі талқыланды.
Өзін-өзі басқару ұйымдарының «Құқық және тәртіп» мүшелері құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында шаралар өткізіп өз үлестерін қосуда.
Кәмелет жасына толмаған балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-анасының немесе заңды өкілінің қатысуынсыз көшеде жүрмеуін басты назарға алу мақсатында аудан мектептерінің директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік мұғалімдері және психологтарының қатысуымен рейдттер айына бір рет ұйымдастырылды.
АІІБ және мектеп әкімшіліктерінің қатысуымен «Түнгі қаладағы балалар» акциясы әр білім беру мекемелерінде жүзеге асуда. Акция аясындағы рейдтерге ата-аналар да атсалысып, барлық мектептерде балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Жасөспірімдер жасаған қылмыс, құқық бұзушылық,түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заңды өкілдерсіз жүрген кәмелетке толмағандар, жасөспірімдерді қоғамға қарсы әрекеттерге еліктіретін ересек тұлғалар, спиртті ішімдіктер пайдаланатын жасөспірімдер осы уақытқа дейін анықталмады. Ағымдағы жылда «Түнгі қаладағы балалар» акциясы аясындағы рейдтің маршруты кеңейіп, тоқсан сайын шығатын рейд уақыты, ай сайынға өзгертілді.