Ұстаздар күні мерекесіне орай 8–9 қазан күндері Орал қаласында облыстық білім саласы кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында тоғызқұмалақ және шахмат ойындарынан облыстық турнир өтті. Турнирдің мақсаты – ұлттық зияткерлік ойындарды кеңінен насихаттау, кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шеберлік пен зияткерлік қабілетті дамыту және үздік ойыншыларды анықтау.
Облыстық додада Бөрлі ауданының командасы атынан тоғызқұмалақтан Сайлан Матылов пен Саягүл Узыкова, шахматтан Жаслан Қабышев пен Қарлығаш Такушева бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің қосымша білім беру педагогі Сайлан Матылов тоғызқұмалақ ойынынан ІІ жүлделі орынға ие болды.
Жүлдегерді жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік пен толағай табыс тілейміз!
28-29 қыркүйек күндері Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында А.Тайманов атындағы «Ақ желкен-2026» математикалық регатасы өтті. Оған аудан мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
5-сынып:
І орын – Ақсай қаласының №4 ЖОББМ оқушысы Чесноков Игорь;
ІІ орын – Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі оқушысы Жамбыл Қасым;
ІІІ орын – Бөрлі №1 ЖОББМ оқушысы Жумажан Нурбек;
ІІІ орын – Ақбұлақ МББК оқушысы Жәнібек Аян.
Диплом – Ақсай қаласының №9 ЖОББМ оқушысы Сайлау Айсұлтан;
Диплом – Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі оқушысы Дарханов Амир;
Диплом – Жарсуат ЖОББМ оқушысы Муканов Матвей.
6-сынып:
І орын – Ақсай қаласының №4 ЖОББМ оқушысы Гелецкий Тимофей;
ІІ орын – Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі оқушысы Мухамеджанов Альсеит;
ІІІ орын – Ақсай қаласының №3 ЖОББМ оқушысы Наурузова Карина;
ІІІ орын – Ақсу МББК оқушысы Туртбаева Лунара.
Диплом – Ақсай қаласының №5 ЖОББМ оқушысы Абдрахманова Аруна;
Диплом – Жарсуат ЖОББМ оқушысы Кабышева Меруерт.
7-сынып:
І орын – Ақсай қаласының №9 ЖОББМ оқушысы Айкурген Темірхан;
ІІ орын – Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі оқушысы Асқар Әли;
ІІІ орын – Ақсай қаласының №7 ЖОББМ оқушысы Жақсылық Арлан;
ІІІ орын – Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі оқушысы Дарханов Азамат.
Диплом – Ақсай қаласының №5 ЖОББМ оқушысы Тлеген Жанерке;
Диплом – Ақсай қаласының №1 ЖОББМ оқушысы Орынбасарова Амида.
8-сынып:
І орын – Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі оқушысы Аминов Ералы;
ІІ орын – Ақсай қаласының №4 ЖОББМ оқушысы Нұғыман Ерәлі;
ІІІ орын – Бөрлі №1 ЖОББМ оқушысы Бастами Ильхам;
Диплом – Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі оқушысы Әділғали Гүлбакыт.
Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға арналған «Кітап – ақыл-ой қазынасы» салтанатты шарасы өтті. Өткен шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар және Шыңғырлау ауданынан арнайы келген делегация өкілдері қатысты. Кездесу барысында Шыңғырлау ауданында өткен облыстық «Мен оқыған 30 кітап» байқауында «Бөрлі ауданының кітап оқу амбассадоры» атанған Шынтас Інкар Шыңтасқызы марапатталды. Делегация өкілі Шотпанов Адақ Танабайұлы жас оқырманға арнайы төсбелгі мен куәлікті салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар оның ата-анасына Шыңғырлау ауданы әкімінің алғыс хаты берілді. Қазақстан журналистер одағының мүшесі Байболат Самат Сергеевич құттықтау сөз сөйлеп, жас оқырмандарға сәттілік тіледі. Шара барысында мектеп оқушылары ән айтып, кітап, білім және Отан тақырыбындағы өлеңдерін оқыды.
Кітап оқу – жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттыратын маңызды құндылық. Жас амбассадордың жетістігі – оқушыларды кітап оқуға ынталандыратын жақсы үлгі.
25 қыркүйек күні Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сынып жетекші – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Оған ауданның білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты. Іс-шараның мақсаты – тәрбие жұмысының тиімді әдістерін жетілдіру, «Адал азамат», «Заң және тәртіп» тұжырымдамалары мен «ДосболLIKE» бағдарламасын мектеп тәжірибесінде сапалы іске асыру және сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Шара барысында Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Сауле Альдикенова мектеп тәрбиесінің басым бағыттары бойынша әдістемелік практикум өткізді. Ақсай қаласының №4 мектебінің мұғалімі Айгерим Темирбаева «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісті. №1 мектептің ДТІЖО Айсулу Жанбулатова мен сынып жетекшісі Ақжібек Ералиева сынып жетекші жұмысының тиімді алгоритмін таныстырды.
№5 мектептің ДТІЖО Гүлнафис Алиаскар пен сынып жетекшісі Айнагуль Дарисова тәрбие жұмысын жоспарлау, мониторинг жүргізу және қауіпсіз орта қалыптастыру құралдарын көрсетті. Жарсуат мектебінің ДТІЖО Адема Тлеуова мен сынып жетекшісі Галина Бикеева «Адал азамат» және «Заң және тәртіп» қағидаттарын насихаттау тетіктеріне тоқталды. №7 мектептің сынып жетекшісі Райхан Наурызбай экологиялық тәрбие бағытындағы жұмыстарын ұсынса, №3 мектептің ДТІЖО Айдана Куньязова «ДосболLIKE» бағдарламасын тиімді қолдану жолдарын таныстырды.
Қанай МББК сынып жетекшісі Шахноза Кугубаева «Вторая жизнь отходов» тақырыбында экологиялық тәрбиеге бағытталған практикалық шеберлік сыныбын өткізді. Сондай-ақ мектеп формасы туралы мәселе, білім алушылар арасындағы буллинг, зорлық-зомбылық және суицидтік ниеттердің алдын алу мәселелері қарастырылды. Mental Health ҰБДҚ платформасына мәліметтер енгізу бойынша практикум ұйымдастырылды.
23 қыркүйек күні Тілдер айлығы аясында Ақсай қаласының №2 ЖОББМ базасында аудандық орыс сыныптарының 7-8 сынып оқушыларына арналған “Тіл шебері” байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Байқау келесі кезеңдерден тұрды:
1. «Білгірлер бәйгесі» кезеңі бойынша лексикалық және грамматикалық тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын орындау;
2. «Кел, сөйлесейік» кезеңі бойынша берілген тақырыпқа диалог құрастыру;
3. «Суреттер сөйлейді» бөлімінде ұсынылған суреттер бойынша сөйлем құрап, суретті сипаттап, ауызша ойын жеткізу.
Қорытынды бойынша 7-сынып бойынша: І орынды №4 ЖОББМ оқушысы Зайцева Милана, (жетекшісі Казиева Алия Кужахметовна), ІІ орынды №6 МЛ оқушысы Исаева Гаухар, (жетекшісі Есмагулова Айгерим Муратовна), ІІІ орындарды №3 ЖОББМ оқушысы Кузьменко Кирилл, (жетекшісі Арыстанова Айгул Мырзахметовна), Қанай МББК оқушысы Феськина Дарина, (жетекшісі Сапиева Гүлсара Сәндібекқызы), дипломдармен №5 ЖОББМ оқушысы Маврешко Анастасия (жетекшісі Дарисова Айнагул Амангельдиевна) мен №1 ЖОББМ оқушысы Ловягина София (жетекшісі Жанбулатова Айсулу Бактыгалиевна) марапатталды.
Байқау қорытындысында 8-сынып бойынша: І орынды №2 ЖОББМ оқушысы Туропова Нозанин (жетекшісі Хабиева Жаннат Тулегеновна), ІІ орынды №3 ЖОББМ оқушысы Рафхатов Сұңғат (жетекшісі Арыстанова Айгул Мырзахметовна), ІІІ орынды Кеңтүбек ЖОББМ оқушысы Дворецкий Леонид (жетекшісі Жантасова Гаухар Хамидуллаевна), дипломдармен №1 ЖОББМ оқушысы Дмитриенко Никита (жетекшісі Жанбулатова Айсулу Бактыгалиевна), Александров МББК оқушысы Киптенко Кирилл (жетекшісі Орынғали Айсана Ұзақбайқызы) марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Халықаралық туризм күніне орай 15–18 қыркүйек күндері Орал қаласында білім беру саласының қызметкерлері арасында республикалық «Европа–Азия» туристік фестивалі өтті. Мұндағы негізгі мақсат – педагогтердің туристік және кәсіби шеберліктерін арттыру, туристік-өлкетану бағытында тәжірибе алмасу және белсенді өмір салтын насихаттау.
Бөрлі ауданының командасы фестиваль барысында спорттық туризм, ұлттық ойындар және шығармашылық бағыттар бойынша сынға түсіп, жоғары нәтижелер көрсетті.
Атап айтқанда:
* «Туристік кедергілер жолағы» – І орын;
* «Өткелдер» – ІІ орын;
* «Түнгі спорттық бағдарлау», ерлер арасында – Неталиев Карим, ІІ орын;
* «Фрироуп», әйелдер арасында – Базарбаева Жұмагүл, ІІ орын;
* «Байлам», аралас жұп – Неталиев Карим – Базарбаева Жұмагүл, І орын;
* «Байлам», ерлер жұбы – Ералиев Тілек – Мақпозов Аян, ІІІ орын;
* «Менің төрт мезгілім…» бейнероликтер байқауы – ІІІ орын;
* «Тұрмыс және дағды» байқауы – І орын;
* тоғызқұмалақ, әйелдер арасында – Халелова Айкөркем, ІІ орын;
* дойбы, әйелдер арасында – Халелова Айкөркем, І орын.
Жарыс нәтижесінде Бөрлі ауданының командасы 13 команда арасынан бірнеше бағыт бойынша жүлделі орындарға ие болып, өздерінің ұйымшылдығы мен шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ауданымыздың командасына алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы №67 бұйрығына сәйкес, білім алушылардың табиғатқа және туған өлкенің табиғи байлықтарына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, практикалық дағдылары мен тәжірибелік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында 2026 жылғы 27 ақпан – 2 қыркүйек аралығында «Жер иесі» облыстық сырттай байқауы өткізілді. Сайыс барысында білім беру ұйымдарының оқу-тәжірибе үлескілері, аумақтарды көгалдандыру жұмыстары және экологиялық бағыттағы бастамалары бағаланды.
Бөрлі ауданының білім беру ұйымдары байқауға белсенді қатысып, бірнеше номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды.
«Үздік мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескісі» номинациясы:
🥈 II орын – Пугачев мектеп-бөбекжай-балабақша кешені;
🥈 II орын – Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі.
«Үздік сыртқы көгалдандыру» номинациясы:
🥈 II орын – Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі.
«Үздік жасыл мектепке дейінгі мекеме» номинациясы:
🥈 II орын – Ақсай қаласының №1 бөбекжайы;
🥉 III орын – Ақсай қаласының №5 «Ертегі» бөбекжайы.
Жүлделі орындарға ие болған білім беру ұйымдарын жеңістерімен құттықтаймыз! 🌿
Ағымдағы жылғы 7 қыркүйек күні аудандық білім беру бөлімінің бұйрығымен білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі лауазымына Жанар Максимовна Жаксыгалиева тағайындалды.
29 тамыз күні Семей қаласында өткен «Ядролық сынақ – адамзат қасіреті» жас суретшілер байқауының республикалық кезеңінде Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Сарамбетова Зарина «Балалар бейбітшілікті бейнелейді» атты шығармашылық жұмысымен ерекшеленіп, Алғыс хатпен марапатталды!
Жетекшісі – А. Таутекова.
Заринаға шығармашылық шабыт, толағай табыстар және жаңа белестер тілейміз!
2026 жылғы 4 қыркүйек күні Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында #Бөрлі ауданының білім беру бөлімі ұйымдастыруымен ақпараттық жөніндегі орынбасарларына арналған «Цифрлық құралдарды (BILIMCLASS.KZ) пайдалану және ҰБДҚ дерекқорын жүргізу» тақырыбында аудандық секциялық отырыс өтті.
Секциялық отырысқа аудан мектептердің ақпараттық жөніндегі орынбасарлар қатысты. Отырысты Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің ақпараттандыру бойынша маманы, информатика пәнінің әдіскері Фисун Неля Равхатовна ашып, қатысушыларға алғыс сөзін білдірді.
Кездесудің басты мақсаты –білім беру платформаларын тиімді пайдалану, цифрлық ресурстармен жұмыс жасау, заманауи әдіс-тәсілдер және мұғалімдердің тәжірибе алмасуы бойынша өзекті мәселелер қарастырылды.
💻 Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Жаркеева Дина Кушкимбаевна «Мектептің ресми сайтын жүргізу: мүмкіндіктері мен тиімділігі» бойынша семинар өткізді. Семинар барысында мектеп сайтының мүмкіндіктері, ақпараттарды орналастыру, жаңарту және жүйелі жүргізу бойынша қажетті мәліметтермен бөлісті.
📚 «Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану — сапалы білім берудің маңызды қадамдарының бірі» тақырыбында Кеңтүбек жалпы орта білім беретін мектебінің директордың ақпараттық жөніндегі маманы Хамидуллина Асемгуль Сериковна цифрлық сауаттылығын арттыру және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында BilimClass платформасы бойынша мүмкіндіктерін ұсынды.
Секциялық отырыс барысында аудан директордың ақпараттық жөніндегі орынбасарлары тәжірибе алмасып, цифрлық мектеп сайтты мен платформаларды тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
Кездесу қорытындысында қатысушыларға жаңа оқу жылына бағытталған цифрлық білім беру ресурстарын қолдану және кәсіби ізденісті жалғастыру бойынша ұсыныстар берілді.