
Бүгін Ақсай қаласы шаңғы-биатлон базасында Шаңғы және биатлон жарысынан 2007-2008, 2009 ж.т. және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының ХІІІ қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасының салтанатты ашылуы өтті. Оған Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан келген оқушылар қатысуда.
🔶Шараның ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрлігі “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының” спорттық іс-шараларды өткізу және талдау бөлімінің басшысы Байбосынов Дархан Самбетұлы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының” спорттық іс-шараларды өткізу және талдау бөлімінің жетекші сарапшысы/бас бапкері Нұрсұлтан Бекмұратұлы, БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сабитов Бақдаулет Маратұлы, БҚО білім басқармасының Балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығының директоры Беккалиев Галым Ибатоллаұлы, БҚО білім басқармасының балалармен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі Мазуренко Виталий Вячеславович, Бөрлі ауданының әкімі орынбасары Тоғжанов Алтай Серғазыұлы, Бөрлі ауданының биатлон және шаңғы федерациясының президенті Сарсенбаев Алибек Ануарбекович, Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Карабаев Исатай Тастемірұлы, Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің бас маманы Лаура Маметанова қатысты.
Жарыстың алғашқы күнінде аудан оқушылары жүлдегер атанып, марапатқа ие болды🔽
2009-2010 ж.т қыздар арасында “Еркін әдіс” Тудахунова Жанерке №3 ЖОББМ оқушысы 1 орын🥇
2007-2008 ж.т қыздар арасында Соколова Анастасия 1 орын
🥇, Малишева Айя 3 орын🥉
2007-2008 ж.т ұлдар арасында Исаев Алдияр 2 орынға🥈ие болды. Жетекші — дене шынықтыру пәні мұғалімі Сагиналиев Ислам Елемесович.
Құттықтаймыз! Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!