Облыстық "Сапалы білім - сапалы сабақтан" ашық сабақтар шеруі

Облыстық "Сапалы білім - сапалы сабақтан" ашық сабақтар шеруі

Ақсай қаласы №4 ЖОББМ базасында облыстық "Сапалы білім - сапалы сабақтан" ашық сабақтар шеруі өтті. Тәжірибелерін ортаға салған ұстаздар екі айналым бойынша сынға түсті.

📍 Шараға Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығы білім сапасын басқару және менеджмент бөлімінің басшысы Нарикова Жеңіскүл Мырзабековна мен Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Куатова Альбена Женисовна қатысып, ұстаздарға сәттілік тіледі.

🏅 Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды Ақсай қаласы №4 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Кулакова Алтын Женисовна иеленді.

Құттықтаймыз!!!