
⚡️20-21 қаңтар күндері балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Туристік-өлкетану қызметіндегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан практикаға» атты облыстық семинар-кеңесі өткен болатын. Осы шара барысында облыс көлемінде балалар туризмін, туристік-өлкетану қызметін үздік дамытуда 2024 жыл қорытындысы бойынша Жас туристер станциясы жүлделі II🥈орынға ие болды. Осындай нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізген әріптестерімізді жеңіспен құттықтаймыз! Алар асулар, бағындырар шыңдарыңыз көп болсын!