«Еуропа-Азия — 2025» шаңғы туризмі техникасынан жарысы

«Еуропа-Азия — 2025» шаңғы туризмі техникасынан жарысы

17 қаңтар күні Бумакөл ауылында Жас туристер станциясының ұйымдастыруымен білім қызметкерлері арасындағы аудандық «Еуропа-Азия — 2025» шаңғы туризмі техникасынан жарыс өткізілді. Жарыс шаңғы туризмін дамытып, жастардың техникалық, спорттық шеберліктерін арттыру, жас ұрпақты салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
“Шаңғы туризм техникасы” бағыты бойынша⬇️
🥇I орын - Бумакөл МББК командасы
🥈II орын - Бөрлі №1 ЖОББМ командасы
🥉III орын - Облав МББК командасы
“Қысқы балық аулау” сайысы бойынша⬇️
🥇I орын - №3 ЖОББМ педагогі Ляшев В.А.
🥈II орын - №8 ЖОББМ педагогі Уразгалиев М.Ж.
🥉III орын - №7 ЖОББМ педагогі Аймухамбетов Т.

🔶Жалпытоптық есепте 🥇I орынға Бумакөл МББК шықса, 🥈II орын Бөрлі №1 ЖОББМ бұйырды, 🥉III орынды Облав МББК иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс айтып, жеңімпаздарды құттықтаймыз!