«Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

«Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

БҚО Білім басқармасы, «Дарын» республикалык ғылыми-практикалық орталығы және «Зерделі» акыл-ой дамыту мектебі» ЖШС жоспарына сәйкес 6 қаңтар күні Орал қаласының №50 ЖОББМ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
📝Олимпиаданың мақсаты—бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру, мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру.
📌Олимпиада екі бөлімнен тұрды:
1-бөлім «Дұрыс жауапты таңдау»
2-бөлім «Бос орынды толтыр»
Облыстық кезеңге 12 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Нәтижесінде⬇️
🥈II орын — Бирниязова Айгуль Мухамбетовна (№7 ЖОББМ)
🥉III орын — Шуренбаева Эльмира Умбетовна(№7 ЖОББМ)
🥉III орын — Бахтиярова Гульнур Каниевна (№7 ЖОББМ)
🥉III орын — Сисенгалиева Сагида Бисембаевна (№4 ЖОББМ)
🥉III орын — Кабасова Жанслу Жумажановна (№6 МЛ)
🥉III орын — Цибулько Елена Алексеевна (Кеңтүбек ЖОББМ) иеленді.
Құттықтаймыз!