ХАБАРЛАНДЫРУ
«Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық конкурсы
өткізілетінін хабарлайды
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының барлық түрлеріне рұқсат беріледі.
Конкурс 2024 жылғы 08 сәуір күні сағат 15:00-де Бөрлі ауданының білім беру бөлімінде өткізіледі.
Конкурсты өткізу қағидаларының 11-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша тиісті материалдарды және өтінішті ағымдағы жылдың 05 сәуіріне дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: БҚО, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы Железнодорожная көшесі 80 №1 кабинет.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – аудандық, жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын Конкурсқа қатысушылар анықталады;
2) II кезең – облыстық жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпазы анықталады.
Қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін конкурстық комиссия Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді төмендегідей өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
1) оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу (қазіргі заманғы білім беру технологияларын тиімді қолдану, 1 компьютерге шаққанда келетін оқушы саны, Интернетке қосылу, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу үлесі);
2) сапалы білім беруді қамтамасыз ету (жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алған түлектер үлесі, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алған оқушылар үлесі, қосымша білім берумен қамтылған оқушылар үлесі);
3) білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету (5 жылда 1 рет педагогтардың біліктілік арттыру курсынан өтуі, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану және деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтардың үлесі, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогтардың үлесі, ағымдағы жылы білім беру ұйымына жұмыс істеуге келген жас мамандар үлесінің серпіні, жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі, аудандық (қалалық), облыстық, республикалық, халықаралық конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысушы педагогтардың үлесі, эксперименттік, зерттеу, қолданбалы жұмыстарға, ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, оқу және әдістемелік басылымдарға сараптама жасауға қатысуы, авторлық оқу құралдарының, бағдарламаларының, ғылыми әзірлемелерінің, басылымдарының бар болуы, озық педагогикалық тәжірибе енгізу, оқушылардың кәсіби бағдарын диагностикалау қабілетін қамтамасыз ету);
4) материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау (қаржыландырудың тиімділігі және нәтижелілігі, қаражатты бөлудің ұтымдылығы және тепе-теңдігі);
5) білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау (білім беру ұйымдарында білім алушыларды спорт секцияларының қызметімен қамту, тұрмыс жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларды ыстық дәруменді тегін тамақпен қамтамасыз ету, балалар ауруларының динамикасы, оқыту жағдайының санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкестігі, мектеп инспекторы, психологтар мен әлеуметтік педагог лауазымының штатта, турникеттер мен бейнебақылау камераларының болуы, мектепішілік және жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде тұратын оқушылар санының үлесі);
6) педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау (білім беру ұйымында ақпараттық-әдістемелік кеңістіктің бар болуы, педагогтарды ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамтамасыз ету, мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі сапалы өзгерістерді зерттеу мониторингісінің нәтижесі);
7) инклюзивтік білім алуға жағдай жасау (білім беру ұйымына бекітілген шағын ауданда тұратын жалпы бала санынан инклюзивтік білім берумен қамтылған, ерекше қажеттілікті талап ететін бала үлесі);
8) соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы (жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесінің серпіні);
9) білім беру сапасын басқару (оқушылар мен ата-аналар қажеттілігінің білім беру мониторингісінің нәтижесі негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау, білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметінің нәтижелілігі);
10) білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері (оқу жетістіктерін сыртқы бағалау, ұлттық бірыңғай тестілеу және халықаралық зерттеулер рәсімдерінің нәтижесі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын дамыту және қалыптастыру критерийлері, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегер оқушыларының үлесі);
11) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру (халықаралық ұйымдармен жасалған шарттар саны, халықаралық жобаларға қатысқан оқушылар мен педагогтар үлесі).
1) Конкурсқа қатысуға өтінімді;
2) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады. Өтінімдер нысанын жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
16. Конкурстық комиссияның қарауына қабылдаудың белгіленген мерзімінде тапсырылған құжаттар «Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертте қабылданады.
17. Құжаттарын құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
18. Тиісті деңгейдің конкурстық комиссиясы ұсынылған құжаттар негізінде конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.
Диплом мен сертификаттың нысандарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
22. Грантты төлеу конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
23. Грант мөлшері республикалық бюджет қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерін құрайды.
24. Конкурстық негізде «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері Грантты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсайды.