
Тараз қаласында ағымдағы жылғы 26 ақпан - 1 наурыз аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Конкурс халықаралық тәжірибеге сай ашық Көрме үлгісінде өткізілді. Конкурстың республикалық кезеңінде Ақсай қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Хуснутдинова Лейла "Биология" секциясы бойынша "Очистка почвы и воды природными материалами от радионуклидов, тяжелых металлов" тақырыбында жоба қорғап, жүлделі 2-орынды иеленді. Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Измагамбетова Кульсипат Каиржановна. Жүлделі жетістік құтты болсын!