РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАҢҒЫ ТУРИЗМІНЕН І ОРЫН

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАҢҒЫ ТУРИЗМІНЕН І ОРЫН

            2024 жылдың 22-24 ақпан аралығында Ақмола облысында шаңғы туризм техникасынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Еліміздің он облысынан 20 команда, жалпы саны 120-дан аса қатысушы болды. БҚО құрама командасынан балалар, жасөспірімдер және ересектер тобы қатысты.

      Бөрлі ауданы Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтері Т.Кенжемұрат  және Б.Алипов үлкен жетістікке жетті.

       "Жеке" қашықтығынан балалар тобы бойынша ұлдар арасында Ақсай қаласының №7 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Алипов Бахтияр – жүлделі 1 орынды иеленді. (Жетекшісі  Т.Ералиев, А.Сапиева).

      "Техникалық" қашықтықта балалар тобы 1-орынды, жасөспірімдер тобы 1-орынды, ересектер тобы 3-орынды иеленді.

       Жалпыкомандалық есеп бойынша балалар тобы - І орынға, жасөспірімдер тобы - І орынға қол жеткізді.

        Жеңімпаздарды құттықтаймыз!